Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Жоба туралы

About_Fingramota-01.jpg

Қымбатты достар!

Сіздер толығымен қаржылық мәдениет негіздеріне арналған сайтқа кірдіңіздер.

Кейде ақшаның мәнін бізге оны «ресми» таныстырғанға дейін түсінетін сияқтымыз. Ақша біздің өмірімізге жылдам кіреді. Біз ақшаны басқа қоршаған орта сияқты интуитивтік тұрғыдан қабылдаймыз. Сондай интуитивті деңгейде оның мәнін, құндылығын сезіне бастаймыз. Кішкентай балалардың өздері ақшаны ойындарына қосып алады. Олар сол интуитивтік деңгейде ақшаның функцияларын дәл айқындайды: төлем жасау құралы және осы әлемдегі көптеген нәрсенің - жұмыстың, таланттың, заттың, ойын-сауықтың, саяхат жасаудың, жанұядағы әл-ауқаттың құн өлшемі. Көп жағдайда адамның қаржыға деген көзқарасы балалық шағында қалыптасады. Есейе келе, біз интуитивтік әсерден арылып, ауқымды қаржы әлемін түсінуге тырысамыз, ал ол әлем ақшаның жеңілдетілген тұрмыстық функциясынан әлдеқайда жоғары болады.

Сондықтан әрбір адамға ақша туралы дәл ақпаратты уақтылы, неғұрлым ерте жеткізу аса маңызды. Бұл әлемге кіруге ешкімге тапсырыс берілген жоқ – кішкентай балаларға да, өз жинақ ақшасын жаңаша жұмсауға уақыты, ниеті және мүмкіндігі пайда болған аға буын адамдарға да. Мысалы, жеке инвестор болу және биржаға шығу.

Біздің сайтымыздың міндеті әрбір оқырманға түсінікті тілде оны ақшаның – төлем құралы, ақшаның – жинақтау құралы, ақшаның – инвестициялар ретінде қызықтыратыны туралы қолжетімді ақпарат, білім, түсінік пен ұсынымдар беру. Біз әлемнің ақшасы туралы немесе ұлттық валюта тарихынан ақпаратты ғана беріп қоймаймыз, ақшаның жаһандық тарихы, оның пайда болуы мен эволюциясы туралы да әңгімелейтін боламыз. Көп адам ғасырлар бойы ақшаның қалай өзгергені, оның әлемінің кеңейгені және тұтастай алғанда ақшаның тарих бетбұрысына қалай әсер еткені туралы білгісі келеді.

Өз біліміңді әрдайым жаңартып отыру қажет – біздің өміріміздің серпіні де сондай: осыдан 5-10 жыл бұрын маңызды болған білім қазіргі кезде өзектілігін жойып, түзетуді талап етеді. Біздің «Қаржылық сауаттылық» атты сайтымыз қолдағы ақшаны қалай жұмсауға болатынын ғана үйретпей, сондай-ақ тұрғын үй проблемаларын қалай шешуге болады, болашақ зейнетақыны қалай жоспарлаймыз, алаяқтардан қалай қорғанамыз, электрондық ақша әлемін қалайша игереміз, түрлі қаржылық өнімдер мен қызметтерде қалай бағдар алуға болады деген мәселелерді үйретеді.

Елдің экономикалық дамуы көп дәрежеде халықтың қаржылық сауаттылығының жалпы деңгейіне тәуелді болғандықтан бұл білімнің маңызы зор. Қаржылық мәдениеттің төмен деңгейі қоғамды, ел экономикасын дамытуға кедергі келтіреді, себебі адамдардың салғырттығы немесе дайын еместігі салдарынан бұл қаржы нарығының жаңа сегменттеріне жоғары қарқынмен дамуға, дамыған қаржы орталықтарымен қатар дамуға мүмкіндік бермейді.

Халықтың қаржылық тұрғыдан хабардар болуының жоғары деңгейі елдегі әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа ықпал етеді. Қаржылық сауаттылықтың өсуі тұрмыстық деңгейде, бизнес-қарым-қатынастар деңгейінде, сол сияқты мемлекетпен өзара қарым-қатынастар кезінде қаржылық қарым-қатынастардағы түрлі тәуекелдердің төмендеуіне әкеледі.

Біздің сайтымыз бірінші кезекте Қазақстан азаматтарын қаржылық өнімдермен таныстыру, оларды ұтымды пайдалануға көмектесу үшін құрылды. Біз қаржылық сауаттылықты арттыру идеясын азаматтарымыз түсінсе екен деп тырысамыз. Біздің міндетіміз - қаржы әлемінен ақпаратты қолжетімді, қызықты әрі танымдық тұрғыдан беру. Ол ақпаратты беру нысанының қандай болатынына қарамастан – мақала, бейнематериалдар, брошюралар, кітаптар, мультфильмдер, консультациялар, қаржы нарығы мамандарының сұрақтарға жауаптары. Біз Сіздерді елдің, сол сияқты әлемнің барлық қаржылық оқиғаларынан хабардар етеміз.

... «Монета» деген сөз бізге Ежелгі Римнен келді. «Монета» деген атақ Юнона әйел құдайында болған. Оның аты да латыннан аударғанда «алдын ала ескертетін» немесе «кеңесші» дегенді білдіреді. Юнона ғибадатханасының жанында металл ақша соғылған шеберханалар болған. Оларды монеталар деп атай бастады. Енді біз, «кеңес беретін» және «алдын ала ескертетін» Юнона сияқты біздің жазылушыларымызға заманауи қаржы әлемінде сенімді болу үшін көмектесуге тырысамыз.