Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады

time 24.01.2022
aye 5609
Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, оған, әсіресе, аға буын өкілдері  бой алдырып жатады. Қарт адамдарды алаяқтардың арбауынан қалайша қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz айтып береді

Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру сервистерін белсенді пайдаланады, сондықтан олар үшін кез келген банктің колл- орталығының 4 таңбалы нөмірін басқа нөмірге ауыстыру түкке тұрмайды. Қарт адамдардың тап болулары мүмкін түрлі оқиғаларды қарастырайық.

Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды. Содан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді.

Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені тоқтатып,  сізге қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажет. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.

Ешқашан қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындамаңыз: ақша аудармаңыз, күмәнді қосымшалар орнатпаңыз және қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талаптары бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге