Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Жаңалықтар

Оқиғалар

Қаржылық алаяқтар ерекше белсенділік көрсетеді. Олар алаяқтықтың жаңа схемаларын үнемі ойлап табады. Сол себепті ерекше қырағы болу керек және қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін назарға алған жөн:

·      Өзіңіздің компьютердің және мобильдік құрылғылардың қауіпсіздік функциясын (вирусқа қарсы қорғау, күрделі құрауыш парольдер, оларды кезеңмен ауыстыру, компьютерде немесе мобильдік құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз) пайдаланыңыз;

·      Жеке және банктік деректерді Интернетте (форумдар, әлеметтік желілер және т.б.) жария етуден аулақ болыңыздар;

·      Қаржы ұйымдарының қызметкерлері болып танысқан бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға өзіңіздің дербес деректерді, әсіресе PIN-кодты, CVV-кодты (картаның келесі жағындағы үш мәнді нөмір) айтпаңыз;

·      Белгісіз және күмәнді мекенжайлардан алынған электрондық хаттарды ашпаңыз, электрондық почта бойынша,  әлеуметтік желілерде немесе SMS арқылы алынған сілтемелерді қарамаңыз;

·      Егер сіз жиі онлайн-сатып алулар жасайтын болсаңыз, онда интернет-сатып алулар үшін жеке карта (виртуалды карта) ашыңыз;

·       Онлайн сатып алмас бұрын Сіз кірген сайт шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз және оның мекенжайы http:// емес, https:// деп басталады;

·       төлем карталарыңызға SMS-хабарлама сервисін қосып алыңыз;

·       Төлем картаңыздағы 3D-Secure функциясын ешқашан өшірмеңіз;

·       PIN-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз және, әрине, оларды ешкімге жария етпеңіз. Банк карталарыңызды үшінші тұлғаларға (тіпті туыстарға), оның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;

·       Банктік аккаунттарға кіру үшін ашық Wi-fi нүктелерін пайдаланбаңыз;

·       Карта жоғалған жағдайда оны дереу бұғаттаңыз және банктің сенім телефонына қоңырау шалып, барлық операцияларды тоқтатыңыз, сондай-ақ шоттарды бұғаттау мақсатында банк бөлімшесіне тез арада барған жөн.

Егер:

·       өз шоттарыңыздан ерекше белсенділік байқасаңыз;

·       өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;

·       Сіздің картаңыз қызмет көрсетуге қабылданбаса, дереу банкке хабарласыңыз. 

Егер пост Сізге пайдасын тигізген болса, оны достарыңызбен бөлісіңіз!  Өзіңізді және жеке деректеріңізді сақтаңыз.

www.fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылықты арттырыңыз! 

 

     Балаларға арналған қосымшалар

Барлық қосымшалар →