Қазақстан валютасының әдемілігі түрлі конкурстарда бірнеше рет расталды. Жылдар бойынша көрейік.
2007 жыл. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік, «Бәйтерек» сериясының «2007 жылдың үздік жаңа банкноты» Халықаралық валюта қауымдастығының (IACA) жүлдегері атанды.
2008 жыл. Ұлттық валютаның 15 жылдығына орай шығарылған 5000 теңгелік банкноттағы «SPARK» қорғаныс элементі банкноттарды қорғауда үздік инновация деп танылды.
2011 жыл. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнот IBNS байқауының қорытындысы бойынша «2011 жылдың үздік банкноты» деп танылды.
2012 жылы IBNS сотына әлем бойынша бір жыл ішінде шығарылған шамамен 100 жаңа банкнот ұсынылды. Қазақстандық номиналы 5000 теңгелік банкнот «2012 жылдың үздік банкноты» ретінде танылды.
2013 жыл. Номиналы 1000 теңгелік банкнот түркі жазба ескерткіші «Күлтегінге» арналған «2013 жылдың үздік банкноты».
2016 жыл. Теңгенің 20 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік банкнот «2016 жылғы үздік өңірлік банкнот», «2016 жылғы валюта индустриясындағы үздік техникалық жетістіктері үшін» номинацияларын алды.
Видео
Соңғы видео
Сізге бұл жұмыста арнайы делдалдар – қор биржасына қатыса алатын брокерлер көмектеседі.
Назар аударыңыз! Брокерде қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс. Шарт жасамас бұрын оның талаптарын және брокерлік комиссияларды мұқият зерделеу қажет.
Бүкіл ақшаңызды бағалы қағаздарға салмаңыз және ол үшін кредит алудың қажеті жоқ
Есіңізде болсын! Брокерлер сіздің инвестицияларыңыз бойынша кірістілікке кепілдік бере алмайды. Бұған заңнамада тыйым салынған.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз!
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мынадай тақырыптар бойынша зерттеу жүргізеді. Бірнеше сұраққа жауап беруді сұраймыз. Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!