Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстан Ұлттық Банкінің музейіндегі экскурсиядан не білуге болады

Тарихпен тамырлас теңге: Қазақстан Ұлттық Банкінің музейіндегі экскурсиядан не білуге болады

Ұлттық валюта тарихы – ақша белгісінің қалыптасуының ғана тарихы емес. Егемендігімізді одан әрі нығайтып, ұлттық экономикамыздың саясатын тәуелсіз еткен, шешуші әрі маңызды айғақ болған теңгенің еліміздің тарихындағы орны ерекше. Аз уақыттың ішінде тарихи оқиғаларға толған осынау кезеңнен Қазақстан Ұлттық Банкінің музейі сыр шертеді. Ақшаның «мұражайлық» тарихы 12-13 ғасырлардың қазба жұмыстарынан бастау алып, Ұлы Жібек жолының тарихымен ұштасады. Музейде теңгенің қалыптасу кезеңіндегі ғана емес, қазіргі Қазақстанның аумағындағы тауар-ақша қатынастарының даму тарихы да жинақталған.  

– Біздің музейге кез келген адам келе алады, – дейді Қазақстан Ұлттық Банкі музейінің қызметкері Гауһар Санғұлова. – Бізге сынып болып оқушылар да, студенттер де, нумизматтар да және жалпы ақша тарихына қызығатындар келеді. Біз көрсететін материалдарымызды осы топтардың әрқайсысына қызық болатындай етіп бейімдейміз.   

IMG_5052.JPG

Музейдегі әрбір экспонат – тұтас бір тарих. Кіре берісте Алтын адам тұр, ол да бекерден-бекер қойылмаған. Шынайы зерттеуші үшін Алтын адам ұлы құпиялардың сырын ашады. Мысалы, ол отбасында жалғыз бала болыпты. Оны бір құлағындағы жасыл тасты сырға білдіреді. Жас болғанына қарамастан, ол өте ер жүрек жауынгер болған екен. Жауынгерлік өнерінен басқа, оның байланысшы болу қыры да болыпты. Дорбасынан табылған айна – алыстан белгі беретін ескі жәдігер. Қазіргі кезде жас жауынгердің киіміндегі көптеген бөліктер тәуелсіз Қазақстанның монеталары мен банкноттарында бейнеленген. Оның бас киіміндегі әшекейлер Қазақстан Ұлттық Банкінің графикалық нышанына айналды, ол береке-байлықты және бүкіл әлеммен ынтымақтасуға деген ашық ниетті білдіреді.  

Экспонаттардың бірі – ежелгі ақша. Оның номиналы – жарты копейка. 18 ғасырдың ортасында ресейлік патша заманында соғылған. Ол ақшаға бір тауық сатып алуға болады екен, 1 копейка табу үшін адамның 12-14 сағат жұмыс істеуі қажет болған. Ақша «денга» деген сөзден шығуымен де құнды. «Денга» – түркінің «танга» деген сөзінен шыққан. Біздің «теңгеміздің» лингвистикалық төркіні осы сөзден алынған. Ал бұл сөз «даңғыр» (шу) сөзінен туындайды. Тіл тарихындағы секілді ақша тарихы да бір-бірімен ұштасқан. Тіпті «полтинник» деген орыс сөзінің «жарты тиын» деген түркілік төркіні бар.

Ұлы Жібек жолының ақшасы бейнеленген стенд бар. Тозығы жеткен монеталарды Хотабычтың немесе Әли бабаның ескі құмырасынан алған сияқты көрінеді. Көне заманда технология мен практика үнемі үйлесіп отырды. Сондықтан монеталарда тесік тесіп, одан тері жіп өткізіп, беліне ­тағып жүрген. Монеталардың тегіс емес қыры олардың қолдан жасалғанын растайды. Тұтынудың қолайлылығы және механизмі, алып жүру, сақтау ­– заманауи тілмен айтқанда, айналыс құрылымы Отырар монеталарынан бастағанда үнемі ескеріліп отырды. Мүмкін, қазіргідей нақты емес, бірақ қазіргі ақшаның негіздері, қағидаттары, тәсілдері сол кезден басталған.

Ақшаның барлық уақытта оны кім соққаны, қандай мемлекетте жасалғаны, кім билеуші болғаны туралы ақпараты болды. Ақша елдің даму деңгейін, дәрежесін білдірді. Оларда аумақтың танымалдылығы, елдің дәстүрлері, мемлекеттің әлемдегі орны көрсетілді. «Құны» деген ұғымның екіжақты мағынасы болды: ақшаның номиналы және мемлекеттің мәртебесі. Мысалы, ортасында шаршы тесігі бар монеталар әскери бекеттерден және Ұлы қытай қорғанынан өту үшін «рұқсат» ретінде қолданылды.

Музейде 13 – 15 ғасырлардағы ­Алты орда кезеңінің монеталары бар. Олар Қытайдың, Орта Азияның қазіргі аумағында ғана емес, сонымен қатар Грециядан, Орталық Еуропадан, Мысардан да табылды. Көне замандағылар айтқандай ­ әлемнің «Ойкумен» кеңістігінен.

в музее денег, шелковые.JPG

Сондай-ақ, ол уақытта жібек, дәмді тағамдар, тұз сияқты өзге де төлем құралдары болды. Бірақ олар монеталар сияқты өміршең болған жоқ. Осындай экспонаттардың кейбіреуін Ұлттық Банктің музейінен көруге болады. Мысалы, Қазақстанның аумағында күмістен немесе алтыннан жасалған, қосарланған тұяқ пішініндегі «тұяқ» деп аталатын төлем құралы ретінде және сол сияқты жинақтау құралы ретінде пайдаланылды.

Монеталардың тарихында әртүрлі жағдай болды. Олардан бір кесігін бөліп алып, есеп айырысуға пайдаланды, басқалары қыздардың әшекейлерін шешіп алды, және жіпке арналған тесіктің болуына қарамастан ақша ретінде қолданылды.

1915 жылғы тозған және өңсіз қағаз тиындар бар стенд музейге келушілердің назарынан тыс қалмайды. Олар мыс монеталардың орнына қолданылды. Айналымда металл ақша жетпеді, сондықтан қағаз ақша қосымша шығарылды. Осы қағаз тиындарда «Мыс монеталармен қатар айналыста жүреді» деген жазба болды.

Шынының астында – «Хорезм жібектері» орналасқан. Олар 1920 жыл ішінде Хорезм республикасында (Өзбекстан) айналыста болды. Орталықпен байланыс болған жоқ. Ал жібек ең қолжетімді материал болды. Бір жылдан кейін «жібектің» күшін жойды және әйелдер оларда сол мезетте құрақ көрпеге айналдырды.

Біздің тарихымыздан ерекше бір мысал – 20-ғасырдың басындағы азамат соғысы уақытындағы Верный қаласының апиын ақшасы. Республикаға орталықтан ақша массасының түсуі алдымен қиын болды, кейіннен мүлдем тоқтатылды. Кеңестік халық комитеті ақшаны Верныйда шығаруға шешім шығарды. Сол кезде мемлекеттік банктің жертөлелерінде шығарылуы тарихи құпия болып қалған апиын сақталған. Бұл байлықты 40 миллион рубльге бағалап, қала билігі өз ақша белгілерін шығарды. 100 рубльдік кредиттік билетте «мемлекеттік банкте сақталатын апиынмен және Жетісу облысының барлық игілігімен қамтамасыз етіледі» деген растау жазбасы бар.

Мұнда кеңес ақшасының коллекциясы да және ТМД елдері ақшасының ішіндегі ерекше ақша да сақталған. Бірақ, әрине, теңгенің Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы ұлттық валютаны енгізу туралы тарихи Жарлығы шыққан сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихына арналған витриналар бәрінен көп. Музей стендтерінің жартысына дерлік бөлігі Қазақстанның заманауи ақшасының тарихына арналған.

Ұлттық Банктің музейін 1997 жылғы 13 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми түрде ашуы – есте қаларлық оқиға. Экспозицияны көріп, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына: «Теңге – ел тәуелсіздігінің құрметті белгісі. Қазақстан теңгесі халықтың игілігі үшін тұрақты қызмет етіп, еліміздің өркендеп, дамуына ықпал етсін!».

Сол кезден бастап музей сабақтастық саясатын ұстана отырып, еліміздің жаңа тарихының экспонаттарын сақтап қана қоймай, ежелгі қорғандардан табылған олжаларды көрсете отырып, «ғасырлар тереңдігінен» тура мағынада баяндайды.

Ежелгі артефактілер – әшекейлер мен монеталар – бұл қазіргі ақша жүйесінің көрінісі. Олардың өзіндік белгісі бар және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді. Сондықтан стендтермен таныса отырып, елдің бай тарихын да елестете аласың. Әрбір кезең, ақша тарихының арқасында, кейде күтпеген жағынан ашылады.  

подарок китайских коллег.JPG

Музейде теңге мен тиынның толық қатарлары ұсынылған. Жеке стенд халықаралық көрмелерде Қазақстан банкноттары мен монеталары жеңіп алған марапаттарға арналған. Олардың қатарында халықаралық байқаулардың жеңімпаздары да бар. Мәселен, 2006 жылы қарашада шығарылған 10 мыңдық купюра. Ол Бангкокта өткен жыл сайынғы валюталар конференциясында «Үздік жаңа банкнот» атағына ие болды.

Музейдің тарихы да қызық. Барлығы банк жүйесінің даму тарихы кабинетінен басталды, оны өткен ғасырдың 80-ші жылдары Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық конторасының сол кездегі басқарушысы Василий Артемьевич Бондаренко құруды ұсынған. Ол өзінің әріптестеріне музейге алғашқы экспонаттарды әкелуді өтінген. Осылайша, аз-аздан, негізінен қызметкерлер сыйлаған көне банкноттар мен монеталардан кабинет үшін коллекция жиналды.

YRA_0051.JPG

YRA_0063.JPG

Авторы - Юрий Беккер


1995 жылы Ұлттық Банк басқармасы Тарих кабинетінің негізінде музей құру туралы шешім қабылдады. Осы уақыттан бері ұлттық валютаның тарихына қатысты барлық зат осында жіберіледі. Мұнда қазірдің өзінде 6 мыңнан астам экспонат жиналған. Кейбір қазіргі заманғы соғылған монеталардың өз тарихы болса, басқалары «мінез көрсетуде». Мәселен, Абайдың 150 жылдығына арналған монеталар әлемде аса танымалдылыққа ие. Нумизматтар «Көшпенділер алтыны» монеталарына да үлкен қызығушылық танытады. Ал Шыңғысханның бейнесі бейнеленген монетаның қолбасшының жасын ауыстыратын сиқырлы ерекшелігі бар. Бейнесіне қарау бұрышына қарай ол бірде жас, бірде ересек, бірде егде адам болып көрінеді. Қазақстан монетасындағы ұлы қолбасшы өзінің үш жас ерекшелігін көрсете отырып, қандай құпияны білдіргісі келеді? Оны ешкім де таппады. Алайда ашқан адамға қолбасшының рақымы түсері сөзсіз…

Айтылғанның барлығы – Ұлттық Банктің музейінде қызықты түсіндіруге болатын ұлы ақша тарихының аз ғана бөлігі. Музей туралы көбірек білу үшін қаржы реттеушісінің сайтына кіріп, Музей сілтемесіне басуға болады. Мұнда телефон нөмірлері, мекенжайы көрсетілген: Алматы қ., Панфилов к-сі, 98. Музей Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан. Сайтта музейге бару үшін өтінім қалдыруға болады. Немесе музей қызметкері Гауһар Санғұловаға Gauhar.Sangulova@nationalbank.kz мекенжайына жазуға болады.

– Ұлттық Банктің музейі бойынша экскурсия тегін жүргізіледі, – деп атап өтті Гауһар Санғұлова. – Экскурсияға келу үшін ұйымның фирмалық бланкінде немесе жеке тұлғалар үшін еркін нысанда Ұлттық Банктің Алматы қалалық филиалы директорының атына жазбаша өтінім және келушілердің тізімін қоса беру қажет. Топ 15-20 адамнан аспауға тиіс. Сондай-ақ өтінімде топ жетекшісінің тегі және оның телефон нөмірі көрсетілуі қажет. Музейге келушілердің кіруі берілген тізімге сәйкес жүзеге асырылады. Экскурсия қызықты болады, келіңіздер!

Educate Kids Charity Infographic.png