Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстан Ұлттық Банкі монеталарының сыры

Қазақстан монеталары шығар-шықпастан 1992 жылдан бері әлемді бағындыра бастады.


74209804_520630401848538_8526554090325409792_o.jpg


Қазақстан монеталары шығар-шықпастан 1992 жылдан бері әлемді бағындыра бастады. Қазақстан монеталары бастапқыда өздерінің этникалық жаңашылдығымен тәнті етті, кейіннен заманауи технологиялардың арқасында бүкіл әлемге Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрінің бар қазынасын көрсетті.

Әлемнің барлық елдеріндегідей, Қазақстанда айналыстағы монеталардан басқа коллекциялық және инвестициялық монеталар соғылады. Қазақстандық монеталардың көпшілігі раритетке айналып, дүниенің төрт бұрышындағы нумизматтардың коллекциясын толықтырды. Олардың көпшілігінің құны номиналынан және сату бағасынан бірнеше есе асып кетті. Бұл монеталарымызды капитал салудың жақсы көзі етеді.


Коллекциялық монеталар

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) Қазақстан теңге сарайы 1995 жылдан бері шығарып келеді. Олардың маңызды оқиғаларға немесе айтулы күндерге арналған белгілі бір тақырыбы бар. Коллекциялық монеталар негізінен мәдени-ағартушылық мақсатта шығарылады.

Оларды дайындау кезінде ерекше соғу технологиясы пайдаланылады. Әдетте, олар бағалы металдардан жасалады. Коллекциялық алтын монеталардағы металл құрамы – Au 999, күміс монеталарда – Ag 925. Мұндай монеталардың таралымы шектеулі.

75540027_520625841848994_6908315914769268736_o.jpg

 

Алтын, күміс, тантал…

Қазақстан – танталы бар монета шығаратын әлемдегі жалғыз ел. Тантал – металл теңгенің басқаларға ұқсамайтын,бірегей ерекшелігі. 2011 жылы Қазақстан теңге сарайы тиісті инновациялық патент алды. 

Теңге сарайының мамандары танталды 18 түрлі түс пен реңкке дейін өзгертудің технологиялық әдістерін ойлап тапты. Бұл монеталар дизайнының мүмкіндігін кеңейте түсті. Қазақстан теңге сарайы монеталар дайындаудағы жаңа технологияларды игеруін жалғастырып, мамандар мен нумизматтарды түрлі идеяларымен, түрлерімен, инженерлік ойларымен, дизайнмен таң қалдыруда.

75322614_520645951846983_8843750164008009728_n.jpg      

Құпиялы «Тұмар»

77379894_520622641849314_5217671269276712960_n.jpg


   Мәселен, 2017 жылы күмістен жасалған «Тұмар» коллекциялық монетасы айналысқа шықты. Ол футляр түрінде жасалған. Жоғарғы жағында аверсі мен реверсін бекітетін элемент бар, ол екі жағын да жылжып кетпейтіндей етіп қосып тұрады. Монетаның екі жағы да неодим (сирек кездесетін неодим, бор және темір қоспасы) магнитті құлпымен бекітілген.  

Қарапайым мельхиор емес

   2018 жылы мельхиордан жасалған монеталар үшін соғу сапасы proof like және brilliant uncirculated жаңа МН25 құймасы енгізілді. Сыртқы түріне қарай мельхиор күміске ұқсайды, бірақ ол иілгіш әрі көзге де әдемі көрінеді.

74598808_520624998515745_83266938989445120_n.jpg

Монета соғудың мықтыларынан кем емес

   Қазақстан теңге сарайында коллекциялық монеталарды дайындау үшін ең заманауи жабдықтар бар. Монеталарды дайындауда жаңа технологияларды енгізу мерзімі жөнінен Англия, Австрия, Германия, Польша, Ресей елдерімен қатар тұрады. Қазақстанның коллекциялық монеталарын дайындау кезінде монетаға алтын жалату, эмальмен салу; бояумен цифрларды басу; оксидтеу; интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу; голограмма салу (ноу-хау) тампографикалық мөр; гаухар орнату сияқты технологияларды қолданады.

 

 Инвестициялық монеталар

  Бұл – бағалы металдардан жасалған монеталар. Олар қаражатты инвестициялауға және жинақтауға арналған. Инвестициялық монеталардағы металл құрамы – Au 999,9. Мұндай монеталардың сапасы салыстырмалы түрде өте жоғары емес, таралымы да шектеусіз. Олардың кірістілігі монета жасалған металл құнына және салмағына тікелей байланысты.

75443017_520626245182287_5112599584484360192_o.jpg

Салмақтың да маңызы бар           

     Қазақстан Ұлттық Банкі салмағы әрқалай үш түрлі инвестициялық монетаны сатады: «Жібек жолы», «Алтын барыс», «Күміс барыс». «Жібек жолы» сериясының монеталары 1996 жылғы 19 ақпанда айналысқа жіберілді. 2009 жылдан бері «Алтын барыс» және «Күміс барыс» инвестициялық монеталары шығарыла бастады. 

Инвестициялық монеталардың массасы унциямен (0,10 – 10 аралығындағы унция) көрсетілетін салмақ санатына теңестірілген. Бұл халықаралық практикаға сәйкес келеді. Қазақстан монеталарындағы бағалы металдардың құрамы 99,99%-ды (сынамы 999,9) құрайды.

75253025_520629771848601_2220834654259249152_o.jpg

Салық салынбайтын бонус

     Монеталарды сатып алу кезіндегі қосымша құн салығына салықтың салынбауы Қазақстанның инвестициялық монеталарын тартымды қаржы құралдары етеді.

   Қазақстан Ұлттық Банкі жеке және заңды тұлғалардан ҚРҰБ ғана шығарған, бағалы металдардан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алады.  

Өзге мемлекеттердің бағалы металдардан жасалған монеталары қабылданбайды.

Бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу Сатып алу және сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай монеталарды сатып алу кезінде сараптама жүргізіледі. Жүргізілген сараптама монета жасалған металды, оның сынамын және химиялық таза бағалы металдың салмағын анықтайды. Сатып алынатын монетаның құны таңертеңгі фиксинг (бағалы металдың АҚШ долларымен бағасы) және теңгенің долларға қатысты орташа алынған биржалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.

 

  Монеталарды онлайн режимде қалай сатып алуға болады?

Коллекциялық монеталардың интернет-дүкенін Ұлттық Банк 2012 жылы ашты. Сол уақыттан бері монеталарды сатып алуды www.nationalbank.kz сайты арқылы ресімдеуге болады.

«Есіктен есікке»

   Монеталарды «Қазпочта» АҚ EMS курьерлік қызметі «есіктен есікке» жүйесімен жеткізеді. Монеталарды жеткізу мерзімі мен құны сатып алушының тұрғылықты жеріне байланысты және Қазпочтаның тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі.

2017 жылдан бері жеткізу географиясы да кеңейді, Қазақстанның монеталарын Ресей коллекционерлері де ала алады.

Тапсырысты ресімдеу

Тапсырысты ҚРҰБ сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде ресімдеу үшін «Сатылымдағы» жолының оң жағында «Іздеу» деген жерге белгі қою қажет. Онлайн-сатылымдағы монеталар тізімі шығады.

Тапсырысты қалыптастыру үшін монетаны таңдап, «тапсырыс беру» деген түймені басу қажет. Ол монетаның астында орналасқан. Одан әрі таңдалған монеталар «Тапсырыстар қоржынына» түседі. Осы жерде монета санын және жеткізілетін қаланы көрсету қажет.  

   Коллекциялық монеталардың интернет-дүкені тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл ретте жұмыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 17-00-ден 19-30-ға дейін техникалық үзіліске және монеталар бағасының жаңартылуына байланысты сатылым жүргізілмейді.

монеты каз.png