Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Теңге- әлем бойынша ең мықты қорғалған валютаның қатарына кіреді

Қазақстанның ұлттық валютасы әлем бойынша ең мықты қорғалғандардың қатарына кіреді. Алайда бұл оны ешкім қолдан жасауға тырыспайды деген сөз емес. Біз сіздерге нағыз ақшаны қолдан жасалған түрінен қалай ажыратуға болатынын айтып береміз, бұл үшін «Сезін-қара-аудар» әдісі көмектеседі.

Сезін

Алдымен банкнотты сезіну қажет, оның өзіне тән ештеңеге ұқсамайтын сытырлаған дыбысы болады. Барлық банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар. Дизайнның кей элементтері шығыңқы, олар сипағанда жақсы сезіледі. Барлық банкноттарда көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер бар.

Қара

Одан кейін банкнотқа мұқият қарау қажет. Оның түсі айқын әрі қанық болуы керек. Банкнотты жарыққа қаратып тексеру көп ақпарат береді, бұл сутамғы белгілеріне және банкнот номиналының сандық бейнесіне қатысты. Қағаздың бетіне шығып тұрған, өтіп тұрған жарықтан айқын көрінетін, жазбалы бірыңғай жіп секілді, үзік-үзік жазу түріндегі тұтас магнитті және сүңгіме (металдандырылған) жіпті осындай жолмен тексеру қажет.

Аудар

Соңында банкнотты аудару қажет. Банкноттарда түсі өзгеретін бояумен салынған бейнелер кескінделген, көлбеулік бұрышын өзгерткен кезде бояудың түсі жасылдан ашық алтын түске дейін өзгереді.


банкнота каз.png