Бұл монеталардың басым бөлігі бірінен соң бірі шыға отырып, көптеген беделді марапаттарға лайықты болды — кейде, тіпті, жылына бірнеше марапатты қатар алғандары да бар.
Мысалы, бір ғана 2014 жылдың өзінде үш бірдей қазақстандық монета халықаралық байқаудың жүлдегерлері атанды. «Алма отаны» монетасы — Мәскеуде өткен «Монета жұлдыздары-2014» VIII Халықаралық байқауының лауреаты. Екі түсті күміс «Мир» халықаралық ғарыш станциясы» — ақша сарайы директорларының 28-ші конференциясында «Бірегей технология» атауы бойынша үшінші орынды иеленді.
«Республика игілігі» сериясына жататын «Байқоңыр» монетасы Италиядағы Халықаралық «Виченца Нумизматика-2014» байқауында екінші жүлдені иеленді.
Бүгінгі таңда қазақстандық монеталар нумизматтар арасында жоғары сұранысқа ие және бірнеше ондаған жылдар бойы нумизматтар арасындағы монеталардың бағамы мен сұранысына үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан «Краузе» каталогы сияқты беделді әрі мәртебелі халықаралық каталогтарға шығып тұрады.
«Краузе» каталогы — ең танымал америкалық нумизматикалық басылым. Осы байқау аясында ақша сарайларында соғылған немесе мемлекеттік органдар — эмитенттер арқылы шығарылған жылдың үздік монеталары анықталады. Монеталарды бағалау дизайнның тартымдылығын, көркем орындау мен нақыштау сапасын бағалауға негізделеді.