Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Теңге туралы қызықты фактілер айдары

Қазақстанның ұлттық валютасының 26 жыл қолданыста болуы кезеңінде теңгенің төрт сериясы басып шығарылды.


75302682_520526395192272_6912016497246208000_o.jpg

Алғаш пайда болған жылдан бастап, теңге «келбетін» бірнеше рет өзгертті. Ұлттық валютаның алғашқы буыны үшін «Портреттер сериясы» ұсынылды — суретшілер қазақстандық танымал тұлғалардың бейнелерінпайдалануды жөн санады. Банкнот авторларының дәлелдері қарапайым еді: адамның көзі абстрактілі дүниеге қарағанда, беттің кескіндерін жақсы ажыратады. Осылайша алғашқы теңгелердің бетжағында Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілхайыр және Абылай хандар пайда болды.

75303698_520526728525572_4926498930721554432_o.jpg

Теңгенің екінші буыны Қазақстанда басылды. Жаңа топтама «Әл-Фараби» деп аталды. Философ әрі ғалымның бейнесі 200-ден 10 000-ға дейін қатарынан бірнеше банкнотта көрініс тапты. Әл-Фараби салынған теңгелер айналымда аса көп болған жоқ. Банкноттарды қорғайтын қосымша тәсілдер пайда болғаннан кейін, портреттерден мүлде бас тартуға шешім қабылданды — әйгілі тұлғалар бейнеленген ақша бірліктері тым тез жыртылып, мыжылып қалатын.

74886479_520507221860856_3995009455811985408_o.jpg

Ұлттық валютаның «Бәйтерек» деп аталатын үшінші буыны 2006 жылы жарыққа шықты. Бұл жолы дизайнерлер банкнотты Қазақстан тарихымен байланыстырумен шектелмей, сондай-ақ табиғат пен архитектураны бейнелейтін символдарға мән берді. Теңгеде ашық алақан, Тұңғыш Президенттің қолтаңбасы, ұлттық гимн ноталары және астаналық Бәйтерек пайда болды. Бұл топтама әлі күнге дейін айналымда.


76183719_520507698527475_2669404393022947328_n.jpg
2011 жылдан бері қазақстандықтардың қолына ұлттық валютаның төртінші буыны түсе бастады. «Самұрық» топтамасы 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік номиналды банкноттардан тұрады. Олардың бет жағында «Қазақ елі» монументі мен ұшып бара жатқан көгершін бейнеленген. Ал сырт жағына суретшілер астанамыз бен Алматының көрінісін, Ертіс өзені мен Үстірт шоқысын орналастырған.

75603427_520509095194002_1189933617208360960_o.jpg