Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png
12.11.2020

БАҚ өкілдеріне арналған «Қаржы туралы қысқаша: қаржылық сауаттылықты бірге арттырамыз» тақырыбында вебинар өткізу туралы

Бүгін Ұлттық валюта – Теңге күні және Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Fingramota.kz «Қаржы туралы қысқаша: қаржылық сауаттылықты бірге арттырамыз» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған вебинар өткізеді.

Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 14:00-ден 17:00-ге дейін.

Вебинарға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚРҰБ, БЖЗҚ, ҚДКБҚ, KASE өкілдері қатысады.

Біз:
* қаржылық сауаттылық негіздері туралы; 
* кеңінен таралған алаяқтық схемалар және киберқауіпсіздік ережелері туралы;
* төлем карточкалары және оларды пайдалану кезіндегі лайфхактар туралы;
* Қазақстандағы зейнетақы жүйесі туралы;
* депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы;
* қор биржасының қызметі және инвестициялау құралдары туралы әңгімелейтін боламыз.

Вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз