Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Бизнестің іскерлік белсенділігі біртіндеп қалпына келуде

Бизнестің іскерлік белсенділігі біртіндеп қалпына келуде

Қазақстанда экономикадағы жандану тіркелді – экономика бойынша іскерлік белсенділік индексі мамырда 44-ке дейін өсті, сәуірде бұл көрсеткіш 37,2 болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі елдің 447 кәсіпорны арасында жүргізген пікіртерімнің нәтижелері айғақтайды.

Бұл компаниялар экономиканың нақты секторын – өнеркәсіпті, құрылысты және қызмет көрсетуді білдіреді. Ағымдағы уақытта карантиндік шектеулер аясында салалар бойынша индекстің серпіні теріс болып қалуда.

Басқа салалармен салыстырғанда индекс 42,8-ге дейін немесе 8,1 п.т. өскен қызмет көрсету саласында ахуалдың жақсарғаны байқалады. Бұл индекстің барлық құрамдас бөліктерінің нығаюына байланысты. Құрылыста іскерлік белсенділік индексі – 42,1, өнеркәсіпте – 46,9 болды.

Өнеркәсіп индексі бойынша Қазақстанның (46,9) Қытайдан (50,7), ОАР-дан (50,2) және Сауд Арабиясынан (48,1) кейін қалып отырғанын, бірақ Австралиядан (41,6), Оңтүстік Кореядан (41,3), Ұлыбританиядан (40,7), Франциядан (40,6), АҚШ-тан (39,8), Ресейден (36,2) және басқалардан озық екенін атап өткен жөн.

Қазақстанның экономикасы бойынша бизнес-климат индексі мамырда (-)13,7-ге дейін көтерілді, сәуірде бұл көрсеткіш (-)31,6-ға дейін төмендеді. Бизнесті жүргізу талаптары біршама жақсарды және нақты сектор кәсіпорындары үшін қиындығы аз болды, дегенмен теріс серпін сақталуда.