Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

2020 жылғы 12 – 19 маусым аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

2020 жылғы 12 – 19 маусым аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 19 маусымда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,1%-ға (403,38-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 403,79 теңге деңгейінде қалыптасты

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 12 – 19 маусым аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Коронавирустың таралуына қатысты ахуалдың біркелкі болмауына орай АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында дамушы елдердің валюталары төмендеді. АҚШ-тың кей штаттарында ауру жұқтырғандар саны көбейіп, Пекинде коронавирустың қайтадан өршуі белгілі болды. АҚШ-тағы бөлшек сату сәуірмен салыстырғанда мамырда 17,7%-ға өсті. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға арналған өтінімдердің саны бойынша апталық көрсеткіш экономистердің күткеніне қарағанда өте баяу бәсеңдеді (1,51 млн). Бразилияның, Индонезияның, Ресейдің орталық банктері мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады.    

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

- Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және компаниялардың салық төлемдеріне дайындалуы аясында 0,4%-ға (9,87-ден 69,56-ға дейін) нығайды. РФОБ негізгі мөлшерлемені 4,5%-ға дейін 100 б.т. төмендетті;

- Индонезия рупиясы 0,2%-ға (14 133-тен 14 100-ге дейін) нығайды. Индонезия банкі негізгі мөлшерлемені 4,25%-ға дейін 25 б.т. төмендетті және 2020 жылғы экономиканың өсу болжамын 0-1% аралығына дейін түзетті; 

- үнді рупиясы Үндістан мен ҚХР арасында даулы шекарадағы әскери қақтығыстар аясында 0,4%-ға (75,85-тен 76,19-ға дейін) әлсіреді;

- түрік лирасы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 0,6%-ға (6,81-ден 6,85-ке дейін) әлсреді;

- Оңтүстік Африка ранды коронавирустың екінші сатысына қатысты қауіп аясында 1,5%-ға (17,08-ден 17,33-ке дейін) әлсіреді;

- Мексика песосы АҚШ-та жұмыссыздар санының біршама төмендегені туралы деректердің шығуынан тәуекел-сентиментінің нашарлауы аясында 1,7%-ға (22,26-дан 22,63-ке дейін) әлсіреді, бұл экономиканың баяу қалпына келетінін білдіреді. 

- Бразилия реалы ОБ-ның АҚС жеңілдету туралы шешімінің (базалық мөлшерлеме 2,25%-ға дейін 75 б.т. төмендеді) және елде коронавирустың таралуының жалғасуы аясында 5,1%-ға (5,05-тен 5,31-ге дейін) әлсіреді.



[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары

рисунок 1.png

рисунок 2.png


Дамушы елдер валюталарының серпіні  (2020 жылғы 5 маусым=100, индекс өсімі – валютаның нығаюы)

рисунок 3.png

Рисунок 4.png