Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты.

Осылайша, Агенттік қаржы реттеушісінің қызметі, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасауға ниетті.

Мессенджердің көмегімен пайдаланушылар өздерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретіндегі құқықтарының бұзылуына, қаржылық өнімдерді пайдалану талаптарына, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл етуге қатысты сұрақтарды 24/7 режимінде қоя алады, қаржылық алаяқтық жағдайлары және қызметінде қаржы пирамидаларының белгілері көрініс табатын күмәнді ұйымдар туралы хабарлай алады.

Ыңғайлы болу үшін «Fingramota Online» мобильдік қосымшасында 12 негізгі тақырыптық бөлім берілді:

  • қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
  • банктерде қызмет көрсету;
  • ипотекалық кредиттер;
  • тұтынушылық кредиттер;
  • депозиттер бойынша кепілдік беру;
  • сақтандыру;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
  • коллекторлық агенттіктердің қызметі;
  • зейнетақы жүйесі;
  • төлемдер және аударымдар;
  • жұмысқа орналастыру;
  • өзге де.

Тіркеу процесі қарапайым және 2 минутқа дейін уақыт алады, қолайлы және түсінікті интерфейс пайдаланушыларға мобильдік қосымшаны жеңіл басқаруға, сондай-ақ өз өтініштерінің тарихын көруге мүмкіндік береді.

Қосымшаға сондай-ақ жаңалықтар легі енгізілген, ол күн сайын жаңартылады. Осылайша, «Fingramota Online» пайдаланушылары үшін алғашқылардың бірі болып қаржылық реттеушінің қызметі туралы, қаржы нарығындағы ахуал, заңнамалық бастамалар және Қазақстанның қаржы заңнамасындағы өзгерістер туралы жаңа ақпарат қолжетімді болады.

Қосымша мемлекеттік тілде және орыс тілінде мынадай сілтемелер бойынша:

App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals қолжетімді.

«Fingramota Online» web-нұсқасы да қолжетімді, онда смартфон арқылы емес, дербес компьютер арқылы сұрақтар жіберуге және жауаптар алуға болады. Пайдаланушылар үшін web-нұсқаларда жиі қойылатын сұрақтар бөлімі де қолжетімді, онда қажетті ақпаратты өтініш жібермей-ақ алуға болады.

Жіберіліп отырған жауаптар ақпараттық-түсіндірме сипатта болатынын және қаржылық реттеушінің ресми жауаптары болып табылмайтынын атап өтеміз. Ресми жауап алу қажет болған кезде пайдаланушылар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес Агенттікке өтініш жасауы қажет.