Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қаржы пирамидасының қауіпті торына қалай түсіп қалмау қажет?

Карантин жағдайында қаржы алаяқтары азаматтардан ақша алудың түрлі схемаларын жасай отырып, ерекше тапқырлықтарын көрсетуде. Олардан қаржы пирамидаларын құрушылар да қызметтің әр түрін жамыла отырып, интернет арқылы белсенді түрде қатысушылар тартып қалыспауда. Егер сізге жоғары сыйақыға кепілдік бере отырып және жобаға жаңа қатысушылар тарта отырып, міндетті ақшалай жарнамен түрлі жобаларға қатысуды ұсынса сақ болыңыз.

Fingramota.kz  қаржы пирамидалары қызметтерінің бағыттарына байланысты  олардың қандай  түрлері бар екенін еске салады. Мәселен, қаржы пирамидалары әдетте не ұсынады және қалай бой тасалай алады?

Group 164.png

1. Ұзақ мерзімді жобаларға инвестициялау.

Осы процеске сәйкес компания (компаниялар тобы) азаматтарды инвестициялық жобаларға тарту бойынша қызметті жүзеге асырады. Осы бағдарламалардың негізгі белгілері 3 айдан 120 айға дейінгі (орташа алғанда 2-5 жыл) кезеңде үнемі ақша салып отыру, кіріске кепілдік беру, сондай-ақ туристік жолдамалар, сертификаттар мен түрлі ұтыстар түріндегі бонустар болып табылады.

Қатысушы 3-4 жыл ішінде ай сайын/тоқсан сайын ақша енгізеді, осылайша компанияның алдыңғы қатысушылары алдындағы міндеттемелеріне ақы төлейді.

2. Қысқа мерзімді жобаларға инвестициялау.

Пирамиданың осы түрі халықтан қысқа мерзімде жедел ақша жинауға бағытталған (ең аз жарнамен адам санының көп болуы).

Әлеуметтік желілерде одан әрі онлайн-чаттарға, топтарға және каналдарға  шақыра отырып, жаппай жарнама жүзеге асырылады.

Бағдарламаға кіру үшін жоғары кірістілікке (100%) уәде бере отырып ақы төлеу (500 теңгеден бастап одан да көп)  және басқа қатысушылар (адам көп болған сайын ақша табу мүмкіндігі де мол) тарту қажет.

Мәселен, сіз 5 мың теңге мөлшерінде жарна саласыз және қосымша 3 қатысушы шақырсыз. Біршама уақыттан кейін сіз ұйымдастырушыдан 15 мың теңге аласыз, оның ішінде сіздің салған – 5 мың теңге, 10 мың теңге басқа екі қатысушының салымы, ал үшінші қатысушы салуы тиіс 5 мың теңге ұйымдастырушыға түседі.

Тағы да бір мысал: қатысушының 1 мың теңге салуы талап етіледі және басқа қатысушылар шақыруы қажет. Әрбір шақырылушыдан оған 500 теңгеден төленетін болады. Немесе қатысушыға 30-дан бастап 70%-ға дейін сыйақыға уәде бере отырып, қатысушы 20 мың теңгеден бастап 400 мың теңгеге дейін 5 күнге және одан да көп мерзімге ақша салады.

3. Желілік маркетингпен айналысу.

Қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары соңғы уақытта өздерінің заңсыз қызметтерін тасалау ретінде желілік маркетингті жиі пайдалана бастады, сондықтан мұнда  да сақ болған абзал. Бұл мақсаттар үшін түрлі сертификаттар, зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтіміне қажетті тауарлар пайдаланылады.

4. Жылжымайтын мүлікті, автокөлікті және басқа да қымбат мүлікті сатып алуға ақша жинауға көмек.

Мұндай қаржы пирамидалары қаржыландырылатын бағдарламаға аз ғана ақшалай жарна талап етеді, соңында олар көп ақша уәде етеді. Мысалы, қатысушы 6 ай мерзімге 800 доллар ақша салады, кейіннен ол 19200 доллар (2400%) көлемінде сыйақы алады. Сыйақының мөлшеріне, әдетте, шақырылған қатысушылардың саны және олардың салымдарының сомасы  әсер етуі мүмкін.

200% немесе одан жоғары мөлшерде сыйақы төлеуді қарастыратын бағдарламалар бар, бұл ретте басты шарт - қатысушының құқықтарды беруі және (немесе) мүлікті салым ретінде қалдыру.

5. Эксклюзивті клубқа мүшелік.

Клубтар круиздер, жолдамалар, бизнес құру және жылжыту бойынша оқытулар, маркетинг, копирайтинг, хиромантия, астрономия, психология, нумерология және т.б. оқытуды ұсынады.

Қатысушы басқа қатысушыларды тартуы және (немесе) бағдарламаларға байланысты белгілі бір мерзім ішінде кіру жарнасын төлеуі керек (1-3 жастан 5-10 жасқа дейін). 

6. Бинарлы опциялар үшін платформадағы қосымша жалақы.

Бинарлы опцияларға ақша тарту, арнайы платформалар арқылы инвестициялар және т.б. - қаржы пирамидаларын жасаушылар процесті мынадай түрде жүргізетін қатысушыларды осылай атайды. Ұйымдастырушы әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды зерттеуге шақырады. Әрі қарай, оқыту жүргізілгеннен кейін клиентке арнайы платформа ұсынылады, ол жерде бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бинарлы опциялармен операциялар жүргізуге болады.

Клиент демошотты (жаңадан бастаушыларға арналған виртуалды шот) және ақша табуға жағдай жасайтын бағдарламаны (платформаның  операциялық жүйесін) қолдана отырып операцияларды жасай бастайды. Клиент нақты ақшаны пайдалану арқылы операцияларды жүзеге асыра бастайды. Клиентке ақшалай қаражат жетпеген жағдайда, ол шақырылған әрбір қатысушы үшін бонустар ала алады.

Бұл платформалардың көпшілігі шетелдік болып табылады, және Қазақстанда тіркелген компаниялар консультациялық қызметтер көрсетеді.

7. Баспана жағдайларын жақсарту үшін тұтыну кооперативіне кіру.

Қазіргі уақытта банк ипотекасының ең танымал баламаларының бірі тұтыну кооперативіне (ТК) кіру болды. Алайда, заңсыз қызмет үшін тұтыну кооперативтерін пайдалану жағдайлары да бар. Атап айтқанда, мұндай қаржы пирамидалары өз мүшелеріне жылжымайтын мүлік/автокөлік сатып алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге жеңілдікті шарттар ұсынады.

Клиент неғұрлым көп қатысушы шақырса, ТК оған соғұрлым қарыз беру жөніндегі жақсы шарттар ұсынады. Алаяқтар адамдардың байып кетуге деген сенімі мен ниетіне шебер айла-шарғы жасайды, азаматтарды тез және оңай адастырады.

Қаржы  пирамидаларын уақытында тану үшін олардың белгілері

Әлемдік тәжірибеде қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар. Бұл қаржы реттеушісінің ақша қаражатын тарту бойынша қызметін жүргізуге лицензияның жоқтығы; нарық деңгейінен бірнеше есе асатын жоғары кірістіліктің болуына уәде беру; жаңа қатысушыларға бұрын басқа салымшылар салған ақша қаражатынан ақша қаражатын төлеу; меншікті негізгі құралдар-жабдықтардың, басқа қымбат активтердің болмауы; ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы және т.б.

Егер сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің бірнешеуі болса, олар сізді қаржы пирамидасына тартып жатқан жоқ па, соны ескерген жөн.

Ірі ақшамен тәуекелге бармастан бұрын, компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін тексеріңіз. Депозиттер тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан қаржы реттеушісінің лицензиясы болуы керек. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпаратты тексеріңіз, сондай-ақ оның қай жерде тіркелгенін біліңіз. Егер басшылық туралы ақпарат жасырын болса және компанияның өзі қандай да бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, өз жинақ ақшаңызды «берер» алдында ойланғаныңыз дұрыс. Егер сізге инвестицияның жоғары кепілдендірілген кірістілікке  уәде етсе, оған назар аударыңыз. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның тез және оңай баюға деген қарапайым ниетін ойыншыққа айналдырады. Сондықтан, пирамидалар жылдық 20, 50 және тіпті 200% кірістілікпен пайда табуға оңай уәде береді, өйткені олар бұл уәделерін орындауға тырыспайды да.

Егер компания қызметінің түрі түсініксіз болса, сіз ақшаны салудан тартынуыңыз керек. Ақшаны қайтарудың нақты тетігінің жоқтығы да сақтықтық  қажет етеді. Мысалы, егер қаражат белгілі бір сомаға жеткеннен кейін ғана сізге қайтарылады деп жазылған болса. Сізде салған қаражатты басқара алатындай және қажет болған жағдайда оларды қайтарып алуға мүмкіндік болуы тиіс. Осындай егжей-тегжейлер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қоймас бұрын оны мұқият зерделеу керек, ал егер түсініксіз тармақтар болған жағдайда, мамандарға жүгіну керек. Есіңізде болсын, шақыру жарнамасы жоғары пайызбен ақшаны салуға себеп емес, бұл уәделердің орындалуына күмәндануға негіз болып табылады.

Жаңа салымшыларды тарту үшін сыйақы ұсына ма? Бас тартыңыз - бұл сіздің қаржы пирамидасына тартатындығы туралы нақты белгі. Компания корпоративтік іс-шараларға қатысуға, барлық жүлделер, сыйлықтар мен жолдамалар болатын ұтыс ойындарына шақыра ма? Бас тартыңыз! Бұл пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдістерінің бірі. Компанияның ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақшаны алады немесе интернет төлемдер мен аударымдар жүйелерін пайдаланады. Барлығына толықтай назар аударыңыз.

Fingramota.kz-мен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Толығырақ сілтемеден оқыңыз