Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені төлеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады

Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды.

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық «42 500 теңге» төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

-  telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Fingramota.kz әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге және алуға байланысты мәселелердің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жататынын еске салады.

42 500 теңгені төлеу бойынша консультацияны 1414 телефоны бойынша алуға болады.

WhatsApp_Image_2020-07-17_at_17.47.09.jpeg.jpg