Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Group 230.png

Бірінші тәсіл - кредиттерді немесе өзге де міндеттемелерді өтеу.

Бұл схеманы алаяқтар адамның заңды және жеке тұлғалар алдында кредиттері немесе өзге де міндеттемелері болған кезде пайдаланады. Алаяқтар қарыз алушыға мәселені шешуді немесе кредит төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алуды ұсынады. Ол үшін қарыз алушы кредит сомасының бір бөлігін (10-нан 40%-ға дейін) төлеуі қажет. Мысалы, егер қарыз алушының 300 000 теңге мөлшерінде кредит бойынша берешегі бар болса, онда «мәселені шешуді» ұсынған адамдарға 50 000 теңге төлеу арқылы қарыз алушы қарызының барлық сомасынан құтылады-мыс. Шын мәнінде, алаяқтар мәселені одан әрі шешу үшін қажет деп қосымша ақша сомасын сұрайды. Нәтижесінде клиенттің қарызы өтемейді, бұл өз кезегінде қосымша шығыстарға (айыппұлдар, өсімақылар және т.б.) әкеледі.

Екінші тәсіл – ұтыс қою арқылы пайда табу.

Схеманың мәні мынада: жеке тұлғамен байланысқа шығып, қысқа мерзімде (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) букмекерлік кеңселерде ұтыс қою арқылы үлкен ақша табуға уәде беру. Белгілі бір соманы салғаннан кейін қатысушыға оның ставкасы ұтты деп хабарланады, бірақ ұтысты алу үшін комиссия төлеу керек, комиссия төленгеннен кейін тағы қосымша ақша сомасын төлеу қосылады және т.б. Нәтижесінде қатысушы уәде етілген соманың жартысына жуығын алаяқтарға төлейді, содан кейін алаяқтар ізін суытады.

Мөлшерлемелердің жұмыс қағидаты мынадай. Шағын тәуекел – сыйақы төмен, жоғары тәуекел – сыйақы жоғары. Сондай-ақ букмекерлік кеңсенің комиссиясы да бар. Мысалы, егер мөлшерлеменің 2 шығысы (50/50) болса, онда ұтқан кезінде қатысушы орташа алғанда мөлшерлеме сомасының 85%-ын алады, ал ұтылған кезде қатысушы мөлшерлеме сомасының барлық 100%-ын жоғалтады. Бұл ретте ұтыстың 15%-ын алаяқтар комиссия ретінде ұстап қалады. Адамды жоғары мөлшерлеме аласың деп «алдайды», бірақ ол енгізген ақшаны, сонымен қатар пайызымен бірге оған қайтармайды.

Үшінші тәсіл – неғұрлым төмен нарықтық құнымен шетелден автомобиль сатып алу.

Процесс былайша жүреді: жеке тұлға немесе компаниялар азаматқа шетелден автомобильді нарықтық құнынан 20-30% арзанға сатып алды ұсынады (кедендік төлемдерді және басқа шығыстарды қоса отырып. Автомобильдердің нарықтық құннан төмен құнының толық негізделген себептері бар: автомобильдер жойылуға жатады немесе аукционға шығарылады. Азамат автомобиль құнының 30%-ы мөлшерінде бастапқы жарнаны төлеуі ғана керек және автомобиль жеткізілгеннен кейін ол қалған 70%-ын  төлеуге тиіс.

Бірақ іс жүзінде бұл компания немесе жеке тұлға 30%-ды алғаннан кейін бірнеше апта өткен соң клиентпен байланысқа шығады және жұмсалған шығыстар үшін қосымша соманы аударуды сұрайды (жобамен 20%), одан әрі 1-4 апта ішінде кеден шығыстары және т.с.с. үшін ақша сомасын сұрайды. Осы уақытта алаяқтар ақшаны шетелдік шоттарға аударады, өздері жасырынып қалады.

Төртінші тәсіл - техниканы (гаджетті) шетелден сатып алу.

Бұл схема өткен схемаға өте ұқсайды. Смартфонның жаңа моделі пайда болған жағдайда, алаяқтар азаматтарға смартфонның шектеусіз санын шетелден барынша төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін және оларды почта бойынша не өзге тәсілмен жіберуді ұсынған жағдайлар орын алды. Осылайша, алаяқтар ең алдымен аванс ретінде смартфон үшін  100$-ды банк картасына аударуды сұрайды, бұдан әрі  100$-ды басқа карточкаға аударуды талап етеді, мұны аудару кезінде проблемалар туды деп түсіндіреді. Кейіннен алаяқтар әрбір смартфон үшін 200$ қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлайды, болмаған жағдайда, олардың айтуынша, смартфондар жеткізілмейді, осыдан кейін алаяқтар жоқ болып кетеді.

Шетелден барынша төмен бағамен техниканы сатып алуға болады, бірақ бір адамға жеке пайдалану үшін кемінде екі тауар  сатып алуға рұқсат етіледі, тауардың бір түрін екіден артық сатып алу кәсіпкерлік қызмет ретінде  бағаланады.

Бесінші тәсіл – құжаттарды тіркеуге көмек.

Схема мынадай түрде жүзеге асырылады: алаяқтар сенімді болу үшін сол немесе өзге мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері сияқты құжаттарды «жеделдету», «жылжыту», «тіркеу» бойынша қызмет көрсетуді ұсынады. Бастапқы жарна (аванс) келісілген сыйақы сомасынан 20-дан 50%-ға дейін болады. Бұдан әрі, өткен мысалдарда атап көрсеткендей, алаяқтар «ресімдеуге» байланысты проблемалардың бар екендігін және оларды шешу үшін қосымша ақы төлеу қажет не  көрсетілетін қызметтер үшін  қосымша ақы төлеу (мысалы, бюджетке міндетті төлемдер және басқа да шығыстар) қажеттігі туралы хабарлайды, осыған байланысты клиентке жедел түрде ақша жіберу қажет. Нәтижесінде клиентке қажетті қызмет көрсетілмейді.

Алтыншы тәсіл – ұтылып қалған немесе жоғалған ақшаны қайтаруға көмек.

Бұл схема адам «алаяқтық әрекеттердің құрбаны» болған және оның нәтижесінде материалдық зиян шеккен кезде жүзеге асырылады.

-       Ұтыс қоюдан ақша ұтылу;

-       бинарлық опциондарда ақша ұтылу;

-       инвестициялық жобаларға салынған ақшалай қаражатты жоғалту;

-       қаржы пирамидасының  күйреуі және т.б.

Алаяқтар белгілі бір уақыт өткеннен кейін белгілі бір комиссияға жоғалған қаражатты қайтаруға көмегін ұсынып клиентпен байланысқа шығады. Нәтижесінде қаражатты қайтарамын деп үміттенген клиент қосымша шығындарға ұшырайды.

Қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыру үшін ақша тарту лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады, оларды екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар (брокер-дилерлер және басқарушы компаниялар) ғана жүзеге асыра алады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясына ие ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған. Әдеттегідей, азаматтардың Агенттіктің лицензиясы жоқ ұйымдармен өзара қарым-қатынасы едәуір қаржылық тәуекелдерді тудырады. Біз азаматтарды қырағылық танытуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне түспеуге шақырамыз.

Fingramota.kz бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!