Қаржылық қолжетімділік пен инклюзия деңгейін арттыру шеңберінде Агенттік мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі - МБА) және халықтың қауқары аз топтары (ХҚАТ) өкілдерінің қаржылық қызметтер мен өнімдерді тұтынуы үшін кедергісіз және ыңғайлы орта құру мәселелеріне көп көңіл бөледі.
Осыған байланысты Агенттіктің негізгі жұмысы 3 негізгі бағытты іске асыруға шоғырланған:
1) МБА мен ХҚАТ үшін іс жүзіндегі және ақпараттық қолжетімділік бойынша қаржы ұйымдарына арналған әдіснамалық база қалыптастыру;
2) МБА мен ХҚАТ құқықтарын, оның ішінде қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдалану кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу;
3) МБА мен ХҚАТ-қа қаржылық қолжетімділік және инклюзия бойынша Агенттіктің қабылдайтын шаралары туралы ақпарат беру.
2020 жылы әдіснамалық база әзірлеу үшін Агенттікте Қазақстан Республикасында қаржылық инклюзияны дамыту жөніндегі мамандандырылған орган – Мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар, МБА мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – ҚҚҚ) мүшелері мен қаржы ұйымдары кірді.
Жұмыс тобы Еңбекминімен бірлесіп, барынша көп сұранысқа ие қаржылық қызметтерді айқындау үшін МБА өкілдеріне сауалнама жүргізеді. Өткен жылғы сауалнама нәтижелері бойынша МБА-ның қаржылық қызметтерді алуларына кедергі келтіретін факторлар анықталды. Қаржы ұйымдары үшін әдіснамалық базаны қалыптастыру үшін және сауалнаманы талдау, сондай-ақ қаржылық инклюзия саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде Агенттік Әдістемелік ұсынымдардың екі түрін әзірледі:
Әдістемелік ұсынымдардың қолданылуын және оларды қаржы ұйымдарының іс жүзінде қолдануын күшейту үшін Агенттік «Қазақстан Республикасының аумағында мүгедек адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қаржылық қызмет көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қағидалар жиынтығын» әзірледі.
Орта мерзімді перспективада Қағидалар жиынтығы негізінде мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік барлық объектілер үшін Әлеуметтік стандартты әзірлеу жоспарлануда.
Реттеуші мен қаржы ұйымдары арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Агенттік, Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия, ҚҚҚ және қаржы ұйымдары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат мүгедектігі бар адамдардың қаржы ұйымдарының объектілеріне, қызметтері мен өнімдеріне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ МБА мен ХҚАТ құқықтарын, оның ішінде қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдалану кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған.
МБА мен ХҚАТ құқықтарын қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалану кезінде алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында Агенттік мүгедектігі бар адамдар мен қарттарды алаяқтардың әрекеттерінен қосымша қорғауды қамтамасыз ететін «Екінші қол» сервисін енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
«Екінші қол» сервисін әзірлеудің алғышарттары алаяқтықтың әртүрлі түрлерінің өсуі және азаматтардың қашықтықтан қаржылық қызметтерді алуы кезінде әлеуметтік инженерия элементтерін қолдану болды. Әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар – мүгедектігі бар адамдар, қарт адамдар және халықтың қауқары аз топтарының басқа да өкілдері қорғауды талап етеді.
Анықтама үшін: Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ деректері бойынша мүгедектігі бар адамдардың әрбір екінші өкілі интернет мен ұялы байланысты пайдаланумен байланысты алаяқтық шабуылдарға ұшырайды. Яғни, мүгедектігі бар адамдардың шамамен жартысы соңғы уақытта қашықтан қаржылық қызметтер көрсетудің дамуы аясында жиі қолданылатын онлайн-алаяқтыққа тап болған.
Көмекші цифрлық арналарды қолдану арқылы жоспарланған операциялар туралы хабарлама алып, оларды растау және бас тарту мүмкіндігіне ие болады деген болжам бар. Егер ол қандай да бір ерекше белсенділікті байқаса, онда ол еріп баратын адамнан не болып жатқанын анықтай алады, және алаяқтық анықталған кезде оны операция жасаудан бас тартуға көндіре алады. «Екінші қол» білетін операциялардың қатарына үшінші тұлғалар мен компанияларға жасалатын аударымдар ғана емес, сонымен қатар кредиттер мен карталарды ресімдеу, салымдар не шоттарды жабу, валюта айырбастау және инвестициялық қызметтер кіреді. Банктер мен МҚҰ-ға еріп баратын адамдардың шоттарындағы қаражаттың көлемі мен ақшаның түсуі туралы ақпаратты көмекшілерге жария етуге кеңес берілмейді. Сервисті қосуға клиенттің өзі ғана бастамашы бола алады, ал мұндай қызметті өшіруге сұрату алған кезде банктер мен МҚҰ-ға өтінішті ықтимал алаяқтық тұрғысынан тексеру ұсынылады.
2023 жылғы шілдеден кешіктірмей Әдістемелік ұсынымдарды кредиттік ұйымдарда апробациядан өткізгеннен соң жарты жыл өткеннен кейін Агенттік нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер әзірлейді.
МБА мен ХҚАТ-қа қаржылық қолжетімділік пен инклюзия бойынша Агенттік қабылдап жатқан шаралар туралы хабарлау, қаржы ұйымдары бөлімшелерінің МБА мен ХҚАТ-қа бейімделген инфрақұрылымы туралы өзекті ақпаратты орналастыру мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасы» қолданылады. Онда Астана, Алматы мен Шымкент сияқты республикалық маңызы бар үш қаладағы мүгедекті бар адамдарға бейімделген 204 банк бөлімшелері ұсынылған. Бұл бөлімшелерде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жабдықталған пандустар, ерекше қажеттіліктері бар клиенттермен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өткен менеджерлерді шақыру батырмалары бар.
3 банк (Bereke Bank, Kaspi.kz, ЦентрКредит Банкі) Алматы қаласында толығымен инклюзивті бөлімшелер құрды. Алдағы екі жыл ішінде Әлеуметтік стандарт пен қаржы ұйымдарын тиісті техникалық жабдықтау қабылданған жағдайда қаржы ұйымдарының барлық бөлімшелері толығымен инклюзивті болады.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма