Қауіпсіз операциялар - төлемдер мен аударымдарды қалай дұрыс жасау керек

time 30.01.2026
aye 547
Қауіпсіз операциялар - төлемдер мен аударымдарды қалай дұрыс жасау керек

Бүгінгі таңда төлемдер мен ақша аударымдары біздің күнделікті атқаратын әрекеттердің біріне айналды. Біз телефонда коммуналдық қызметтерді төлейміз, бірнеше секундтар ішінде туыстарымыз бен таныстарымызға ақша аударамыз, картаны ондаған қызметтерге байланыстырамыз. Өмір сүру ыңғайлы болды, алайда онымен бірге тәуекелдер де өсті. Алаяқтар қазір жүйелерді бұзбайды, олар адамның қырағылығын босаңсытады.

Операцияларды қалай дұрыс жүргізу және қандай қателіктерден аулақ болу керектігін Fingramota.kz айтып береді.

Жай «карта» емес 

Төлем құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қаржылық қауіпсіздікті сақтау бұл IT маманы туралы емес, ол әрқайсымыздың күнделікті дағдымыз туралы. Көптеген адамдар әлі күнге дейін «төлем құралы» тек пластикалық карта деп ойлайды. Шын мәнінде бұл сізге ақша төлеуге немесе аударуға мүмкіндік беретін  барлық құралдар: банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, телефон нөмірі бойынша аударымдар, электрондық әмияндар, QR төлемдері, тіпті интернет-дүкенде сақталған карта.

Дәл осы жерде абай болу қажет: құрал неғұрлым ыңғайлы болған сайын оны сізге ғана емес, егер  де сіз оларға есікті өзіңіз ашып берсеңіз, алаяқтар үшін де  пайдалану оңайға  түседі.

Банк жүйелері мықты қорғалған. Бірақ қорғаныс адамның өзі SMS-пен келетін кодты хабарлаған кезде, биометриядан өтіп, жалған сайтқа картаның деректерін енгізгенде немесе өзі жасамаған операцияны басқа жолмен растаған кезде бұзылады.

Жиі жіберілетін қателік — аударымдар жасаған кезде жайбарақаттылық таныту. Клиент банктің таныс логотипін, таныс интерфейсті көреді және қырағылығын жоғалтады. Ал қазір  алаяқтық қазіргі таңда: ақшаны қайтару, «қате аударым», досыңыздан шұғыл көмек сұрау, 300 теңге жеткізу ақысын төлеу туралы «курьерлік қызметтен» хабарлама сияқты барынша «әдеттегідей» болып  көрінеді.

Көбіне бұл алаяқтардың хабарламасымен бірге жүреді, олар бүгінде өте шебер жасырына алады. Банктің қарапайым қауіпсіздік қызметінен басқа, бұл жалған құқық қорғау органдарының өкілдері, коммуналдық және пошта қызметтерінің жалған қызметкерлері, тіпті достар мен таныстарыңыздың бұзылған бұзылған аккаунттары болуы ықтимал.

Алаяқтар екі негізгі фактор қорқыныш пен ашкөздік сезімдерімен ойнайтынын түсіну маңызды. Көбіне олар қаржылық шығындардың орнын толтыруға боламайтындығымен қорқытады. Бірақ олар жеңіл табыс, конкурста немесе ұтыс ойынында жеңіске жету және басқа бонустар туралы уәде беруі ықтимал.

Сондай-ақ, бүгінде көптеген карталар мен банктік қосымшалар телефон нөмірлеріне байланғанын және телефондар көбіне балалардың қолында болатынын есте ұстаған жөн. Ойындар, жазылымдар, «тегін бонустар» байқаусызда тұрақты есептен шығару тәсіліне айналуы мүмкін.

Отбасының қаржылық қауіпсіздігі  — бұл құпиясөздер ғана емес, сонымен қатар әңгімелесулер. Балаға банктік карта «телефондағы ақша» емес, отбасының нақты қаражаты екенін және кез-келген сатып алуды ересектермен келісу керек екенін түсіндіру маңызды.

Басқалар туралы қамқорлық – қаржы әлеміндегі қателік.

Жеке тәуекел аймағы — адамдар арасындағы аударымдар. Мұнда алаяқтар сенімділік пен ыңғайсыздық сездімдерімен ойнайды.

«Қате аударым» сценарийі зиянсыз болып көрінеді: сізге «Мен сізге кездейсоқ ақша аудардым, қайтарыңыз, өтінемін» деген хабарлама келеді немесе қоңырау түседі. Кейде ақша шынымен картаға келіп түседі. Адам асықтырып, аяушылық сезімін тудырады, басқа нөмірге аударым жасауды сұрайды. Кейде ол тіпті нұсқауларды орындағаннан кейін қаражаттың бір бөлігін алып қалу түрінде сыйақы ұсынуы мүмкін.

Бұл жердегі кілтипан - бастапқы аударым басқа біреудің және тіпті ұрланған картаның көмегімен жасалуы мүмкін. Егер сіз ақшаны басқа деректемелер бойынша «кері» жіберсеңіз, сіз формальды түрде күмәнді операцияға қатықаныңыз болып табыласыз. Егер адам ақшаның қылмыстық шығу тегі туралы білмесе де, банкпен және құқық қорғау органдарымен дауларға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейінгі дауларға тап болуы ықтимал. Дропперлік туралы Fingramota.kz-тен оқыңыз.

Дұрыс жолы – қаражатты өз бетіңізше қайтармай, өзіңіздің банкке жүгіну және орын алған жайдай туралы хабарлау.

Мессенджерлерде таныстарыңыздан келген «шұғыл қарыз» сұрау туралы өтініштер де қауіпті. Аккаунттарды тұрақты түрде бұзып отырады, ал хабарлардың стилі оңай көшіріледі. Нақтылау үшін сол адамға бір рет қоңырау соғу ондаған мың теңгені құтқарып қалады. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта мамандар таныстарға қарызға ақша бергенде қолма-қол ақша түрінде беруге кеңес береді. Ал сенімді болу үшін қолхат алған жөн. Ал егер сіз танысыңызға ешбір артық формальды әрекетсіз көмектесуге дайын болсаңыз, соның өзінде алаяқтарды қаржыландырмау, расында сол адамға көмектесу үшін қарыз алушымен хабарласып, нақтылап алған дұрыс.

Интернет-төлемдер: мұнда біз өзімізді барынша қорғай алмаймыз

Интернетте арқылы сатып алу және қызметтер үшін онлайн төлем жасау бұрыннан қалыпты жағдайға айналды. Бірақ дәл осы жерде адамдар көбінесе өздерінің «цифрлық іздерін» қадыры, оларды кейіннен қаскүнемдер пайдалана алады.

Ондаған сайттарда сақталып қалған карта, бірдей құпиясөздер, жарнама мен хабарлар арқылы келген сілтемелерге өті – осының бәрі тәуекелді арттыра түседі. Әсіресе танымал дүкендер, жеткізу немесе билеттер сату қызметтері ретінде көрінетін жалған сайттар қауіпті. Ерекшеліктері әдетте аз ғана болады: мекенжайдағы артық әріп, күдікті домен, мәтіндегі қателер. Адам «таныс дизайнды» көреді де, ешбір күдіксіз картаның деректерін енгізеді.

Ақы төлеу үшін хабарламадағы сілтеме бойынша емес, ресми сайтқа немесе сервис қосымшасына дербес кіру пайдалы әдет болып табылады. Бұл қарапайым әрекет фишинг парақшасына кіру мүмкіндігін күрт төмендетеді.

Сарапшылар кеңесі: Интернетте сауда жасау үшін бөлек виртуалды карта ашыңыз. Сауда жасайтын сәттерді қоспағанда, ол бос болуы керек. Осылайша, карта алаяқтардың қолына түссе де, олар сіздің ақшаңызды ала алмайды.

Толығырақ "Төлімдер мен аударымдар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге