ШҚО-да мыс өндіру компаниясының қызметкерлері үшін қаржылық сауаттылық бойынша лекциялар болып өтті

time 23.09.2022
aye 6592
ШҚО-да мыс өндіру компаниясының қызметкерлері үшін қаржылық сауаттылық бойынша лекциялар болып өтті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Fingramota.kz жобасының шеңберінде алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша «Востокцветмет» (KAZ Minerals) ЖШС қызметкерлеріне арналған көшпелі үш  лекция өткізді.

Оқыту іс-шараларына Агенттіктің Өскемен қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының (бұдан әрі - Агенттіктің ӨӨБ) қызметкерлері қатысты, олар 200-ден астам тыңдаушыларға қаржылық алаяқтықтың басты айла-шарғылары мен схемалары жөнінде айтып берді және аталған тақырып бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Соңғы уақытта интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде инвестициялық онлайн-платформаларда немесе ақылы сауалнамалардың көмегімен жеңіл және тез пайда табу көздері туралы жарнама жиі шығуда. Мұндай хабарламаларда (посттарда) ірі қазақстандық банктердің, өндіруші компаниялардың атаулары мен логотиптері пайдаланылады.

Мәселен, Facebook-ті KAZ Minerals жариялаған посттар «шарлап жүр», онда «53 мың теңге бастапқы инвестиция құйып, 4 апта ішінде 890 мың теңгеге дейін табыс әкелетін бірегей жоба» жарнамаланады. Алайда, мұндай таңғажайып-платформаға кіруге рұқсат алу үшін постта көрсетілген сілтеме бойынша кіріп, сауалнамадан  өту қажет.

Алаяқтар аталған платформаны Қазақстанда енгізілуі әлі басталмаған да   «Халықтық IPO» шеңберінде жүзеге асырылатын  мемлекеттік платформа деп таныстырып, KAZ Minerals-тың активтеріне инвестициялаудан 220 мың теңге мөлшерде дивидендтер алуға уәде береді.

«Сұрақтарға жауап бергеннен кейін сізді өз деректеріңізді: атыңызды, тегіңізді, электрондық мекенжайыңыз бен телефон нөміріңізді қалдыруды сұрайды. Ешбір жағдайда бұлай жасамаңыз! Жалпы күмәнді сілтемелер бойынша өтудің қажеті жоқ, себебі қаскүнемдер үшін заманауи технологиялардың көмегімен пайдаланушы жөнінде олардың фишингтік сайтында «көрініп қалған» ақпаратты біліп алу түкке тұрмайды, және оны олар бұдан әрі алаяқтық шабуылдар үшін пайдаланады», -деп ескертті қаржы реттеушісінің өкілдері.

Толығырақ «Фотогалерея» бөлімінен оқыңыз.

white-arrow Тізімге