Алаяқтар карантин кезеңінде жанданды. Мысалы, пайдаланушыларға танымал банктер мен ірі компаниялар атынан түрлі акциялар, бірегей қаржылық қызметтер, жүлделер ұтысы және т.б. туралы ақпараты бар электрондық хаттарды белсенді түрде жібере бастады. Киберқылмыскерлер сондай-ақ пайдаланушыларға қайырымдылық жасауды және коронавирустан зардап шеккендер үшін ақша аударымын жасауды ұсынады.
Осы электрондық хабарламаларда, әдетте, олар бойынша дербес деректерді енгізу немесе банк операцияларын жасау қажет түрлі сілтемелер көрсетілген. Қаскөйлердің арбауына түсіп қалмаңыз – бұл фишинг!
Фишинг деген не және қаржы алаяқтарының желісіне қалай түспеу керек? Бұл туралы Fingramota.kz еске салады.
Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың түрі, қаскөйлер пайдаланушылардың конфиденциалды деректерін «сұрайды». Бұл үшін алаяқтар фишингтік сайттар, e-mail таратылымдар, қалқымалы терезелер, таргеттелген жарнама сияқты құралдарды пайдаланады. Пайдаланушылар сілтемелер бойынша өтіп, зиянды салымдарды ашады, ал қаскөйлер олардан жеке төлем деректерін алдап алады.
Интернет-алаяқтар шотыңызды санаулы секундта босатуы мүмкін, әсіресе фишингтік сайтқа кірсеңіз, қалтаңыздың қағылары сөзсіз. Бұл қаскөйлер төлем карталарының деректемелерін алу мақсатында танымал интернет-дүкеннің, банк сайтының немесе әлеуметтік желінің клонын жасаған кездегі қаржылық алаяқтықтың бір түрі. Сонымен қатар оған сілтемелерді қолда бар пошта мекенжайлары базасы арқылы таратады, оның ішінде сіздің мекенжайыңыздың болуы әбден мүмкін.
Алаяқтар алаяқтық боттарды жасай отырып, пайдаланушылармен хат-хабар алмаса отырып және олардың сеніміне кіре отырып, Facebook, Instagram, Telegram-ды қоса алғанда, әлеуметтік желілерде барынша белсенділік танытуда.
Алаяқтар бір мақсатта – пайдаланушының дербес деректерін алып тастау үшін түрлі қулыққа барады. Бұл дегеніңіз – ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, SMS-хабарламадан код және тіпті ЭЦҚ коды.
Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЭЦҚ-ні бере отырып, картаңыздағы немесе шотыңыздағы барлық қаражаттың қолма-қол ақшаға айналу тәуекелі бар екенін естен шығармаңыз, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер ресімделуі, мәселен, пәтеріңіз қайта ресімделуі немесе сіздің тұрғын алаңызға бөтен адамдар тіркелуі мүмкін.
Сондай-ақ, күмәнді интернет-ресурстарда тіркелуге және осылайша белгісіз адамдарға өзіңіздің дербес деректеріңізді беруге болмайды.
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды