№1 сурақ. Кредиттік есепте қарыздар бойынша мерзімін кейінге қалдыруды және әлеуметтік төлемдерді алғаны көрсетіледі ме?
Жоқ, төтенше жағдайды және карантин енгізуге байланысты табысынан айырылған азаматтар үшін банктік кредиттер мен микроқарыздар бойынша төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру, сондай-ақ оларға берілген әлеуметтік көмек қарыз алушының кредиттік тарихының нашарлауына негіз болып табылмайды.
Кредит беру мәселелерін екінші деңгейді банктер қарыз алушылардың мүмкіндігінің және банктің кредит саясатының негізінде дербес шешеді. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға сәйкес уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.
№ 2 сұрақ. Егер кредиттік тарих «бүлінген» болса, банктер кредит беруден бас тарта ала ма?
Иә, бас тарта алады. Кредит беруден бас тартудың ең көп тараған себебі – кредит тарихында көрсетілетін кредит бойынша төлем мерзімін өткізіп алу. Кредит тарихы – Сіздің кредит міндеттемелеріңіз туралы жазбалардан тұратын қарыз алушының досьесі. Сіз кредитті қашан ресімдедіңіз және қандай сомаға? Уақытында төледіңіз бе немесе кешіктірдіңіз бе? Кредит алу үшін басқа банктерге жүгіндіңіз бе? Қоса қарыз алушы немесе кепілгер болдыңыз ба? Мұның бәрі кредиттік тарих базасына енгізіледі. Қарызды ресімдеу кезінде банк әлеуетті клиент туралы деректерді кредиттік бюролардан сұратады.
Айтпақшы, егер төленбеген айыппұлдар, салық берешегі және т.б. болса, кредит беруден бас тартылуы мүмкін.
№3 сұрақ. Банктер қарыз беру туралы шешімді қалай қабылдайды?
Қарыз беру туралы шешім қабылдау алдында банктер әлеуетті қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін, төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржылық жағдайын бағалайды. Банктер клиенттердің кірісінің тұрақтылығы мен мөлшерін тұтас бағалайды.
Банктер үшін ресми кірістің болуы, соңғы алты ай ішінде зейнетақы аударымдарының үздіксіздігі, қарыз алушыны, кепіл мүлкін және т.б. тексеру нәтижесінде анықталған басқа да теріс ақпараттың болмауы маңызды.
Сондай-ақ банктер клиенттің борыш жүктемесін есептеуді жүзеге асырады. Егер клиенттің жалпы кірістері борыш жүктемесін ескере отырып, кредиттер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін жеткізілсіз болса, скоринтің автоматтандырылған жүйесі кредит беруден бас тартады.
№4 сұрақ. Банктің кредит беруден бас тарту мәселелері бойынша қайда жүгіну қажет?
Кредиттер беруден бас тарту мәселелері бойынша Әлеуметтік қарыз алушылар консультация мен түсіндірме алу үшін екінші деңгейдегі банктерге жүгінуі қажет. Егер банк сіздің өтінішіңізді қараудан бас тартса және банкпен жүргізілген диалог нәтижесіз болса, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне:
- Агенттіктің: А15С9Т5, г. Алматы қ., Көктем 3 ш/а, 21-үй мекенжайына жазбаша;
- TAL@finreg.kz, info@finreg.kz электрондық поштасы арқылы;
- «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы (App Store-да, в Play Market-те көшіру үшін сілтеме, сондай-ақ web-нұсқа қолжетімді);
- www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «Кері байланыс бөлімінің электрондық нысаны арқылы;
- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына – аумақтық тиесілігі бойынша жүгіне аласыз.
№5 сұрақ. Кредиттік тарих қанша уақыт сақталады?
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңға сәйкес кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін 10 жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушылардың кредиттік тарихын жоюға жол берілмейді.
№6 мәселе. Нашар кредиттік тарихты түзетуге бола ма?
Өз кредиттік тарихыңызды жақсартуға болама. Осындай мүмкіндік мерзімі өткен қарыздары бар қарыз алушыларда жақында пайда болды.
Кредиттік бюро 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған және бар кредитке (банктік қарыз немесе микрокредит) «қалпына келтірілген» мәртебесін бере алады. Мына жағдайларда:
- кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін күнтізбелік 12 ай өткен соң. Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешек толық өтесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «қалпына келтірілді» мәртебесін беруі керек;
- қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнге қолда бар берешек сомасының 50%-дан астамы өтелгеннен кейін күнтізбелік қатарынан соңғы 12 ай ішінде кредитті қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырудан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктіру болмаған жағдайда болады.
Мәселен, егер қарыздың жалпы сомасы 500 мың теңге болып, қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін (2020 жылғы 1 қаңтар – қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күні) 250 мың теңгеден астамын өтесе, бұл ретте 2020 жыл ішінде қарыз алушы кешіктіру мерзімін 30 күнтізбелік күннен асырмаса, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» деген мәртебе беруі тиіс;
- мерзімі 90 күнтізбелік күннен астам кешіктірілген берешек өтелгеннен кейін қатарынан соңғы 12 күнтізбелік ай ішінде мерзімі 30 күнтізбелік күннен аса кешіктірілген берешек болмаған кезде. Мәселен, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешегін өтесе және 2020 жыл ішінде кешіктіру мерзімін 30 күнтізбелік күннен асырмаса, онда 2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша кредитке «оңалтылған» деген мәртебе берілуі тиіс.
№7 мәселе. Кредиттік тарихтан жағымсыз ақпаратты жою мүмкін бе? Осы қызметті ұсынатын ұйымдарға сенім арту керек пе?
Егер біреу кредиттік тарихыңызды белгіленген ақыға «жақсартуды» немесе дербес кредиттік есебіңізден жағымсыз ақпаратты алып тастауды ұсынса, бұл алаяқтар, сенбеңіз! Алаяқтар басқа адамдардың құжаттары бойынша кредит алатын кездер де болады. Сондықтан кредит болмаған жағдайда да жылына бір рет сіздің кредит тарихыңызды тексеруді ұсынамыз. Айтарлықтай, заңға сәйкес, күнтізбелік жылына бір рет әрбір Қазақстан азаматы өзінің кредиттік тарихын ақысыз: кредиттік бюродан олар екеу: Мемлекеттік кредиттік бюросы және Бірінші кредиттік бюро, сондай-ақ электрондық үкімет сайтынан онлайн ала алады.
Кредиттік тарихыңызды қадағалаңыз, оны бұзу оңай, бірақ қалпына келтіру қиын. www.fingramota.kz арқылы өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Телефонды жоғалтқан кезде немесе оны ұрлағанда не істеу керек