Қаржылық сауаттылық туралы онлайн-шоу, 3-ші шығарылым

time 18.01.2023

Несие тарихы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Несие беру туралы шешім қабылдамас бұрын банктер мен микроқаржы ұйымдары сіздің төлем қабілетіңіз бен несиелік тәуекелдеріңізді бағалайды. Бұл үшін олар несие тарихыңыздағы бірнеше скорингтік жүйені және ақпаратты пайдаланады.

Несие тарихы – бұл сіздің қарыз алушы ретіндегі құжаттамыңыз. Мұнда барлық банктегі несиелеріңіз бен микро несиелеріңіздің жазбалары сақталады. 

Несиеге қашан өтініш бердіңіз және қандай сомаға бердіңіз, төлем уақытылы төленді ме, әлде кешіктірілді ме – міне, осының бәрі несие тарихының базасына енгізіледі. Жеке несие есебін қайдан алуға болады? 

Несие тарихы бұзылған жағдайда банктер несие беруден бас тарта ала ма? 

Осы және басқа да тақырыптар туралы FinIQ қайта жүктеу – қаржылық сауаттылық туралы танымдық онлайн-шоудың осы шығарылымында біле аласыз!

 Біздің әлеуметтік желідегі аккаунттарымыз 

✔️  FinGramota – YouTube 

✔️  Fingramota.kz – Aitube 

✔️  Fingramota.kz – TikTok 

✔️ Fingramota.kz – Instagram 

✔️  Fingramota.kz – Facebook 

✔️  Fingramota.kz – Telegram

white-arrow Тізімге