Берешекті ұжымдық реттеу рәсімі қалай өтеді?
1. finkelisim.kz платформасында тіркеліп, биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз.
2. Берешекті реттеу туралы өтініш беріңіз.
3. Платформа сіздің белгіленген талаптарға сәйкестігіңізді тексеріп, ақпаратты кредиторларға жібереді.
4. Ұжымдық реттеу рәсімінің талаптарына сәйкестігіңіз расталғаннан кейін, қол қою үшін қажетті құжаттар жолданады.
5. Құжаттарға 72 сағат ішінде қол қойыңыз. Егер көрсетілген мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі.
6. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар берешекті өндіріп алу шараларын тоқтатады, ал қарыз бірыңғай төлем кестесіне сәйкес өтеледі.
⚠️ Келісім талаптары бұзылған жағдайда кредитор берешекті өндіріп алу рәсімін қайта бастауға құқылы. Ұжымдық реттеу рәсіміне қайта қатысуға жол берілмейді.
Платформа арқылы кім өтініш бере алады?
Платформа арқылы төмендегі талаптардың барлығына бір мезгілде сәйкес келетін қарыз алушы өтініш бере алады:
- екі немесе одан да көп кредитор алдындағы кредиттер бойынша 90 және одан да көп күнтізбелік күн мерзімі өткен берешегі бар;
- кредиттер бойынша жиынтық берешек 150 АЕК-тен 1 600 АЕК-ке дейін, яғни 2026 жылы 648 750 теңгеден 6 920 000 теңгеге дейін құрайды;
- берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жоқ;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылмаған.