Соңғы жылда киберқауіпсіздік, цифрлық егемендік және жаңа технологиялар мәселелері ерекше өзектілікке ие болып, әрқайсымызға әсер етті. Бизнесті хакерлерден қалай қорғау керек? Мемлекет маңызды инфрақұрылымға бақылауды қалай сақтай алады? Қарапайым қолданушы киберқауіптер құрбаны болмау үшін не істеуі керек?
Осы сұрақтардың барлығына жауап 2025 жылы 2–3 сәуірде өтетін (ХКО «EXPO», Астана) CDS 2025 аясында табуға болады – бұл Kazakhstan Security Systems алаңында өтетін киберқауіпсіздік бойынша басты форум-көрме. Бір жерде сала көшбасшылары, мемлекеттік құрылым өкілдері, IT-сарапшылар және технологиялық жаңашылдар жиналып, тек мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешімдер ұсынады.
«Бүгінде цифрлық қауіпсіздік – бұл жай ғана таңдау емес. Бұл бизнес, мемлекет және қоғам үшін міндетті шарт. Ең бастысы – ең күрделі сұрақтарға қарапайым жауап табу», – деп атап өтті Евгений Питолин, QazTech Альянсының Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы.
CDS 2025: Болашақты анықтайтын 3 күн
2 сәуір – Іскерлік бағдарлама: IT-индустрия көшбасшылары, сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері үшін жабық сессиялар. Цифрлық қауіпсіздік болашағына арналған ең қызу пікірталастар.
2–3 сәуір – Көрме және Лекторий: Озық технологиялар, инновациялық шешімдер және жетекші сарапшылар мен компаниялардың білім беру демо-сессиялары.
• Меморандумдарға қол қою
• Стратегиялық кездесулер
• Киберқауіпсіздік саласындағы басты тұлғалармен жабық пресс-подходтар
Үш стратегиялық бағыт
Мемлекет: Цифрлық егемендік, деректерді реттеу және маңызды инфрақұрылымды қорғау.
Бизнес: Қауіпсіздікке инвестиция салу, тәуекелдерді азайту және цифрлық шабуылдардан қорғану.
Адамдар: Жаңа кадрларды даярлау, киберқауіптерге қарсы күрес және цифрлық сауаттылық.
CDS 2025 негізгі тақырыптары
Мемлекет – бұл біз. Жаңа заңнама цифрлық экономиканың негізі ретінде.
Қауіпсіздік тесігі. Деректер мен ақпараттық жүйелердің қорғанысы.
Халық көп, маман аз. Серіктестік, кадрлар және қызмет көрсету модельдері.
Табиғи интеллект. Жасанды интеллекттің (AI) цифрлық қауіпсіздік саласындағы нақты жағдайларда қолданылуы.
«Қазіргі әлемде деректер жаңа валютаға айналды, ал оларды қорғау – басты басымдық. Киберқауіптер технологиялардан да жылдам дамып келеді, және тек проактивті қауіпсіздік «ойында» қалуға мүмкіндік береді. Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік – бұл жай ғана жүйелерді қорғау емес, бұл сенім мен тұрақты дамудың негізі», – деп атап өтті Қуаныш Қанапиянов, Astana Expo компаниясының атқарушы директоры.
Неге сізге CDS 2025-ке бару керек?
Форум қатысушылары – киберқауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылар, танымал көшбасшылар мен болашағы зор жаңашылдар.
Киберқауіпсіздіктің болашағын анықтайтын пікірталастар.
Нақты кейстер, стратегиялар мен шешімдер – артық теориясыз.
Нетворкинг, жаңа серіктестіктер мен мүмкіндіктерге жол ашады.
Сұрақ қою уақыты аяқталды. Жауап алу уақыты келді!
ТІРКЕЛУ АШЫҚ: cds-forum.kz
CDSEP25 – қонақтарға арналған промокод іс-шараға тегін қатысуға және шара қорытындысы бойынша қосымша материалдар алуға мүмкіндік береді
БАҚ үшін байланыс: pr@heartland.kz
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
QR төлемдері: ол қалай жұмыс істейді және қауіпсіз бе
Интернет-дүкендердегі алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма