Қарыздық жүктеме коэффициенті — бұл жалақыңыздың қанша бөлігі несиелерді төлеуге кететінін көрсететін көрсеткіш. Егер табыстың жартысы төлемдерге жұмсалса, онда жүктеме тым жоғары деген сөз. Қалған сома күнделікті шығындарға: тамаққа, дәрі-дәрмекке, коммуналдық төлемдерге жетпеуі мүмкін.
Борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) – Қазақстандағы банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалап, қарызды мақұлдау немесе қарыз беруден бас тарту туралы шешім қабылдайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.
Кредиторлар үшін БЖК – адамның борыш міндеттемелерін қаншалықты атқара алатынын айқындау тәсілі. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушының қарыздарын уақытында төлей алмау қаупі соғұрлым жоғары болады. Тиісінше, банктің немесе МҚҰ-ның жаңа қарызды мақұлдау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.
Коэффициент қалай есептеледі?
БЖК-ні есептеу үшін кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасын қарыз алушының орташа айлық кірісіне бөлу керек.
Есепке мынадай барлық міндетті төлемдер кіреді: ипотека, автокредит, тұтынушылық қарыздар, микрокредиттер, тіпті олардың пайдаланылуы немесе пайдаланылмауына байланыссыз кредит карталары бойынша лимиттер. Бұл ретте соңғы 6 айдағы кіріс есепке алынып, ресми және құжат жүзінде расталған ақша түсімдерін (жалақы, зейнетақы, ДК кірістері және т.б.) қамтиды.
Заңнамада БЖК-нің қандай мәні белгіленген?
Банктер мен МҚҰ-да кредиттер ресімдейтін азаматтар үшін БЖК-нің шекті мәні 0,5-ті құрайды, яғни ай сайынғы төлем қарыз алушының ай сайынғы кірісінің жартысынан аспауға тиіс.
Жоғары кредиттік жүктеме несімен қауіпті?
Тым жоғары БЖК жаңа кредиттер беруден бас тартуларға, жоғары пайыздық мөлшерлемелерге, мерзімді кешіктіруге және кредиттік тарихтың нашарлауына, сондай-ақ тығырыққа тірелу қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.
БЖК-нің қалай есептелетінін біле отырып, қарыз алуға өтіні беруге алдын ала дайындалуға және қаржы ұйымының шешіміне болжам жасауға болады.
Көптеген пайдалы материалды Fingramota.kz сайтынан алуға болады.
Адам өзіне қанша несие ала алады?
Армандағы көлік пе, әлде алдау ма: алаяқтарды қалай тануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдеріне және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы ше...
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?