Бүгінде тауарларға интернет арқылы тапсырыс беру тек сәнді ғана емес, сондай-ақ өте ыңғайлы, оның үстіне көптеген адамдардың жұмыс кестесі оларға шопинг жасау үшін дүкендерге баруға мүмкіндік бере бермейді. Өкінішке орай, интернеттегі сауданың теріс жағы да бар, ол – сатушының тарапынан алдау қаупі.
Fingramota. kz алаяқтықтың интернетте сауда жасау кезінде барынша жиі кездесетін түрлері туралы айтып береді және келеңсіз жағдайлардан құтылуға қатысты қарапайым кеңестермен бөлісетін болады.
Интернет-дүкен – кепілдік емес
Бір қарағанда, интернет арқылы сатып алудың ең дұрыс әрі сенімді тәсілі – танымал интернет-дүкендерде шоппинг жасау сияқты көрінеді. Олар Қазақстанның көптеген ірі банктерінің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады. Бұл алаңдарда тауарды алданып қалу қаупінсіз сатып алуға болатындай көрінеді, бірақ шығдығында бұл жерде де сатушылардың адалдығына толығымен сенуге болмайтынын көріп отырмыз.
Алаяқтық схемасы қарапайым болып келеді. Сатып алушы тауарға, мысалы самокатқа тапсырыс береді, ол үшін төлем жасайды, бірақ жеткізуші тауарды қажетті мерзімде жібермейді, қоңырауларға жауап бермейді және мүлдем жоғалып кетеді.
Интернет-дүкеннің қолдау көрсету қызметіне жазу арқылы алаяқты табуға тырысып көруге болады. Ол жерде тауардың сатушының кінәсінен тыс, жеткізу қызметінің тапсырыс берілген тауарды жоғалтып алуының себебінен жоғалып кету ықтималдығын анықтайды. Бұл жағдайда интернет-дүкен сатып алушыға ақшаны тез арада қайтарып береді. Бірақ курьерлік компаниялардың тарапынан жоғалту жағдайының болмағаны белгілі болса, онда полицияға өтініш жазу керек. Алданған ақшаңыздың мөлшері аз болса да, құқық қорғау органдарын алаяқтық фактісі туралы хабардар ету ұсынылады, олар осы жағдайды тергеп-тексеру барысында басқа адамды ірі көлемде алдаған алаяқтардың ісін ашуы мүмкін.
Қажетсіз проблемаларды болдырмау үшін сатып алуды жүзеге асырмай тұрып, сатушының қандай рейтингте тұрғанын, ол туралы пікірдің бар-жоғын қарастырған жөн. Осы мәліметтер негізінде қандай да тұжырымдар жасауға болады. Мысалы, егер сатушының қысқа уақыт ішінде 5-10 пікірі болса, онда бұл күдік тудыруы керек. Іздеу жүйелерінен сатушының атын іздеңіз, мүмкін сіз олар туралы қызықты деректер табарсыз, бұл сіздің келеңсіз жағдайларға тап болмауыңызға көмектеседі.
Жеке берілген хабарландырулардың тәуекелі жоғары
Жеке хабарландыру сайттары арқылы сатып алу кезінде адам жосықсыз сатушыларға кезігіп қалу қаупі бар. Мәселен, әдемі фотосуреттің артына жасырынған алаяқ өз ойын іске асыруы мүмкін. Алаяқтардың әдеттегі «жұмыс» схемасы мынадай: сатып алушы өзіне қажетті өнімді тапқан кезде, «сатушы» басқа қалада екенін және тауарды пошта арқылы жібере алатынын айтады. Бұл ретте, сатып алушыға поштаның немесе кең таралған курьерлік қызметтің жаңа сервисінің пайда болғанын, үйден шықпай-ақ сатып алу бойынша төлемді 2 рет басу арқылы жүргізуге және бірнеше күннен кейін курьермен үйге жеткізу мүмкіндігінің бар екенін айтып сендіреді, мұның бәрі комиссиясыз жүргізіледі деп нақтылайды. Ол үшін сатушы порталда сәлемдеме рәсімін өзі «жасайды» және сатып алушыға сілтеме жібереді, оны ашып, сатып алушы өз картасының мәліметтерін енгізуі керек. Деректерді енгізгеннен кейін сатып алушының картасынан тауардың сомасын ғана емес, барлық ақшаны алып алатыны түсінікті. «Сатушы» жоқ болып кетеді, сосын онымен байланысу мүмкін болмайды.
«Сатушыдан» сілтеме жасайтын порталдың өзі дизайн бойынша олардың логотиптері бар нақты пошта қызметтері сияқты жасалғандығын атап өтейік. Бұл шын мәнінде фишингтік сайт екенін браузердегі мәтіндік жол бойынша ғана білу болады. Мұндай қызметтің бар-жоғын білу үшін, ашылатын фишинг бетінде көрсетілген телефон нөмірлеріне емес, сайт жұмыс істейтін компанияның өзіне ресми телефондар арқылы қоңырау шалған дұрыс.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды