ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Тұран» университетінің алаңында Алматы қаласындағы колледж студенттері үшін қаржылық сауаттылық тақырыбы бойынша «Финатлон» кейс-чемпионаты өтті.
Іс-шараны бағалау үшін қаржы реттеушісінің, Қазақстан Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының, «Еуразиялық банк» АҚ, «Алтын банк» АҚ, «Bank RBK»АҚ және «First Heartland Jusan Invest» АҚ инвестициялық компаниясының өкілдері қатарынан қазылар алқасы таңдалды.
Қаржылық сауаттылық бойынша студенттік чемпионатқа Алматы қ. колледждерінің 9 командасы қатысты:
- Нархоз университетінің Экономикалық колледжі;
- Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжі;
- «Тұран» университетінің колледжі;
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ университетінің Халықаралық сервис және менеджмент колледжі;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі.
«Финатлон» кейс-чемпионаты 2 кезеңде өткізілді:
- қаржылық сауаттылық және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыптары саласында тестілеу;
- Қазақстан Республикасы қаржы нарығының бизнес-практиктерінің ахуалдық кейсті шешу.
Іс-шара барысында қазылар алқасы командалардың жобаларын бағалап, командалармен қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалануға байланысты қызықты кейстермен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша кейс-чемпионатқа қатысушыларға дипломдар, бағалы сыйлықтар, сертификаттар, ал командалардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Аталған іс-шара жастардың қаржылық мәдениетін арттыру және тұтастай алғанда қаржылық сауатты адам мен қоғамды қалыптастыру мақсатында Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілгенін атап өтеміз.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма