Қарыз алушылардың қаржы ұйымдарымен проблемаларының басты себебі қарыз шартына қол қойған кезде олардың шарттың талаптарына мұқият қарамауы болып табылады. Қарыз алушы шарттың талаптарын зерделемей, ол бойынша міндеттемелерді орындамау салдарының маңыздылығын толық түсінбейді.
Қарыз шартына қол қоя отырып, қарыз алушы оның талаптарымен, кредиттік ұйымдардың мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жөніндегі іс-қимылдарымен автоматты түрде келіседі.
Сондықтан шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият зерделеу қажет! Мынадай тармақтарға назар аударыңыз:
- Қарыз сомасы мен мерзімі;
- Сыйақы мөлшерлемесі;
- Төлемдер саны және тәртібі;
- Артық төлеу сомасы;
- Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Егер сұрақтарыңыз болса, оларды шартқа қол қойғанға ДЕЙІН қою керек. Егер шарттың қандай да бір тармағы сізге ұнамаса – көрсетілетін қызметтен бас тартыңыз және қолайлы талаптары бар балама табуға тырысыңыз.
Кез келген шартқа қол қойған кезде мұқият болыңыз және өз қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Интернеттегі сатып алулар: нақты төлемдерді алаяқтық төлемдерден қалай ажыратуға болады
Банк сіздің қаржыңыз туралы не біледі: операциялар, шоттар және кредиттік тарих
Кредиттік тарих бақылауда: деректерді тексеру және қателерді түзету қалай жүреді
Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Сіздің атыңызға кредит: алдын ала қалай рәсімделуіне тыйым салуға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді