Қаржылық алаяқтар ерекше белсенділік көрсетеді. Олар алаяқтықтың жаңа схемаларын үнемі ойлап табады. Сол себепті ерекше қырағы болу керек және қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін назарға алған жөн:
- Өзіңіздің компьютердің және мобильдік құрылғылардың қауіпсіздік функциясын (вирусқа қарсы қорғау, күрделі құрауыш парольдер, оларды кезеңмен ауыстыру, компьютерде немесе мобильдік құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз) пайдаланыңыз;
- Жеке және банктік деректерді Интернетте (форумдар, әлеметтік желілер және т.б.) жария етуден аулақ болыңыздар;
- Қаржы ұйымдарының қызметкерлері болып танысқан бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға өзіңіздің дербес деректерді, әсіресе PIN-кодты, CVV-кодты (картаның келесі жағындағы үш мәнді нөмір) айтпаңыз;
- Белгісіз және күмәнді мекенжайлардан алынған электрондық хаттарды ашпаңыз, электрондық почта бойынша, әлеуметтік желілерде немесе SMS арқылы алынған сілтемелерді қарамаңыз;
- Егер сіз жиі онлайн-сатып алулар жасайтын болсаңыз, онда интернет-сатып алулар үшін жеке карта (виртуалды карта) ашыңыз;
- Онлайн сатып алмас бұрын Сіз кірген сайт шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз және оның мекенжайы http:// емес, https:// деп басталады;
- төлем карталарыңызға SMS-хабарлама сервисін қосып алыңыз;
- Төлем картаңыздағы 3D-Secure функциясын ешқашан өшірмеңіз;
- PIN-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз және, әрине, оларды ешкімге жария етпеңіз. Банк карталарыңызды үшінші тұлғаларға (тіпті туыстарға), оның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;
- Банктік аккаунттарға кіру үшін ашық Wi-fi нүктелерін пайдаланбаңыз;
- Карта жоғалған жағдайда оны дереу бұғаттаңыз және банктің сенім телефонына қоңырау шалып, барлық операцияларды тоқтатыңыз, сондай-ақ шоттарды бұғаттау мақсатында банк бөлімшесіне тез арада барған жөн.
Егер:
Егер пост Сізге пайдасын тигізген болса, оны достарыңызбен бөлісіңіз! Өзіңізді және жеке деректеріңізді сақтаңыз. www.fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылықты арттырыңыз!
Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Цифрлық гигиена дегеніміз не?
Спеарфишинг: алаяқтардың аңдығаны кімдер?
Еурохаттама – бір жылдағы жұмыс нәтижелері
Кредит берушімен байланыста болу – проблемалық берешекті қалай реттеуге болады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?