Баршаға арналған қаржылық қызметтер!

time 10.02.2021
aye 2313
Баршаға арналған қаржылық қызметтер!

Қаржы реттеушісі қаржылық инклюзияны және мүгедек адамдарды қаржы жүйесіне ықпалдастыруды арттыру үшін шаралар қабылдайды.

2021 жылғы 9 ақпанда мүмкіндігі шектеулі адамдар (МША) үшін қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтерді арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының онлайн-кездесуі өтті. Қаржылық инклюзияның және базалық қаржылық қызметтердің қолжетімділігінің басты өзекті мәселелері пысықталды.

«Қаржылық инклюзия» жобасының 2019 жылы жүргізілген зерттеулеріне сәйкес Қазақстанның 400 – 700 мың азаматының қандай да болсын мүгедектік нысаны бар. Сонымен қатар, әртүрлі себеп бойынша «мүгедек» мәртебесі жоқ, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі және осал топтарына жатқызуға болатын адамдардың белгілі бір пайызы бар.

Бұл қаржылық қызметтері алу және қаржылық өнімдері пайдалану үшін бірқатар шектеулері бар адамдардың біршама айтарлықтай тобы.

«Сондықтан қаржылық инклюзияны арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу 2020 жылғы мамырда бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының бастапқы кезектегі міндеттерінің тізіміне енгізілді», - деді Александр Терентьев.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық инклюзияны арттырудың әлемдік тәжірибесін талдау негізінде нарыққа қатысушылармен бірлесіп қаржылық қызметтерді көрсетудің стандарттары әзірленді, оларда азаматтардың барлық санаты және қаржы нарығының барлық секторы: банк, микроқаржы, сақтандыру және басқа секторлары үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріледі.

«Неғұрлым сұранысқа ие МША тізімі қалыптастырылды және  қаржылық қызметтердің шағын мобильді топтары кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтады», - деді реттеуші өкілі.

Бұл ретте кемсітуге қарсы түзетулердің енгізілуі тұрғысынан ағымдағы заңнамаға талдау жүргізілуде. Мысалы, қаржылық құжаттарға қол қою кезінде факсимилені немесе клишені пайдалану мүмкіндігін айқындау, сондай-ақ қаржы өнімдерін, әсіресе кредитті алу кезінде МША-ның төлем қабілетіне балама талдауды пайдалануды регламенттеу қажет. Ақпараттық ресурстарда, яғни қаржы ұйымдарының сайттары мен мобильдік қосымшаларында жария ету қағидалары әзірленді.

Нақты қол жеткізу мәселесі де шешілмей қалып отыр, қаржы ұйымдарының барлық бөлімшесі бірдей қажетті инфрақұрылыммен жабдықталмаған. Осыған байланысты «қаржылық қолжетімділік картасы» қалыптастырылды, онда МША қажеттіліктеріне толық сәйкес келетін: қажетті стандарттарға сәйкес пандустары, қызметкерлерді шақыру түймелері бар банктердің бөлімшелері белгіленген, ал көптеген бөлімшелерде мүгедек адамдар үшін арнайы дайындалған менеджердің жеке қызмет көрсетуі көзделген. Бірақ, өкінішке қарай, тіпті осы шаралардың өзі қаржылық инклюзивтік және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде айтуға мүмкіндік бермейді.

«Орын алған тосқауылдарды жою үшін мемлекеттік органдардың ғана емес, сондай-ақ қаржы секторының өкілдерінің жаттыққан жұмысы қажет. Қаржы ұйымдары қалыпты тәсілді көрсетеді. Инфрақұрылым және қолжетімділік мүмкіндігі болған кезде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызмет көрсетуден тұрақты түрде бас тартылады не банктердің басшылығы, реттеушісі немесе сот арқылы сауатты түрде қызмет көрсетуге мәжбүр болады», - деп атап өтті Александр Терентьев. «Бұл ретте, әлемдік тәжірибе қаржы ұйымдарының инклюзивті жылжытуға және өзінің бизнесін осы бағытта дамытуға тиіс екендігін көрсетеді».

«Инклюзивтік компаниялар, тұтастай алғанда 28%-дан көп кіріс алады, ал олардың рентабельділігі инклюзивтік емес бәсекелестерге қарағанда, орташа алғанда 30%-ға жоғары. Сол себепті жыл сайын инклюзивтік бизнес саны өсуде – «Fortune 1000» дерлік 170 компаниясы инклюзивтік индекстің ең жоғары көрсеткіштеріне ие болып отыр», - деп атап өтті Қ. Иманалиев атындағы мүгедектердің құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Вениамин Алаев. 

Тұтастай алғанда қаржылық инклюзивті арттыру – әлемдік тренд. Экономикасы дамыған, сол сияқты дамып келе жатқан елдердің көпшілігі   мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қолжетімділік  проблемаларына назар аударады және тиісті бағдарламаларды әзірлейді.

Қазақстанда қаржылық инклюзияны арттыру мәселесі де мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификациялануда. Конвенция мүгедек адамдарға қатысты кемсітушілікті жоюға, еңбек, денсаулық сақтау, білім алу құқығын қамтамасыз етуге және қоғам өміріне толық қатысуға, сондай-ақ қызметтерді, оның ішінде қаржылық қызметтерді алуға тең қол жеткізуге бағытталған.

«Тұтас алғанда, қаржы нарығын және онда жұмыс істейтін ұйымдарды реттейтін қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге кемсітушілікке қарсы нормаларды енгізу қажет», - деп атап өтті Вениамин Алаев. «Қаржылық инклюзия» жобасы аясында қаржылық қызметтерді алу кезінде инфрақұрылымдық және құқықтық кедергілерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, бұл үшін қаржы ұйымдары мемлекеттік бастамаларды қолдап қана қоймай, өздерінің бастамаларын да ұсынуы қажет. Бұдан басқа, қаржы ұйымдарының МША-мен жұмыс істеу регламенттерін мүлтіксіз сақтауы және барлық деңгейлерде кемсітушілікті жою қажет».

Көптеген банктер, әсіресе дамыған технологиялық базасы бар банктер, қашықтан сәйкестендіру, биометрияны енгізу және қаржылық қызметтерді цифрландырудың басқа бағыттарын қарастыруға дайын. Ол үшін реттеуші Ұлттық Банкпен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеуде. Бұл технологиялар МША үшін ғана емес, алдағы екі жылда Қазақстанның барлық азаматтары үшін де қолжетімді болады деп күтілуде.

Бұл ретте инклюзивтіктен болатын барлық жақсы жақтарына қарамастан Қазақстанның қаржы ұйымдары оны қамтамасыз етуге үнемі дайын бола бермейді. Кейбірінің құзыреті жетпесе , кейбірінің техникалық базасы жетпей жатады. Әсіресе МША-мен қаржы ұйымдарының фронт-офистері қызметкерлерінің жұмыс жасау дағдыларының мәселесі  өзекті болып отыр.

«МША-ға қаржылық қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Және барлық қаржы ұйымдары өздерінің жауапкершіліктері өлшеміне қызметкерлерді, әсіресе клиенттермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерді жүйелі түрде оқытуды енгізуі тиіс», - дейді Александр Терентьев.

2020 жылдан бастап барлық банктер өз қызметкерлерін жыл сайынғы негізде оқытатын және жаңа қызметкерлермен қосымша жұмыс жүргізетін болады.

Бұдан басқа қаржы нарығының қатысушылары қаржы өнімдері  туралы ақпаратты ашу стандарттарын сақтауы қажет. Бұл үшін қаржы ұйымдарына тиісті қағидалар жіберілді. Ақпаратты ашу және оның МША үшін қолжетімділігі бойынша талаптар сайттар сияқты, бар болса мобильді қосымшалар сияқты сәйкес келуі тиіс.

«Біз өзгерістер мен жаңалықтар енгізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар  мемлекет мен қаржы жүйесінің қаржылық қолжетімділікті және жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған  жұмысын алға жылжытамыз. Біз үнемі ашықпыз және сараптамалық консультация беруге дайынбыз», - деп жауап берді Вениамин Алаев.

«Агенттік реттеуші ретінде қаржы ұйымдарына қаржылық инклюзияның даму процесіне кез келген құқықтық және заң шығаруға қолдау көрсетуге дайын. Алайда негізгі қызмет, негізгі бастама нарық тарапынан болуы тиіс», - деп қорытындылады Александр Терентьев.

 

 

white-arrow Тізімге