Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларының жаңа түрлері қарқынды түрде күш алып, жетілдірілуде. Қылмыстық ниетіне жету үшін алаяқтар көбінесе соңғы заманауи технологияларды қолданады.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар компаниялар құрып, жоғары кіріс алатынына уәде беріп, сенгіш азаматтарды компанияға тартады. Аздаған кіріс алған алғашқы салымшылар керемет пайдаға кенелгені туралы өздерінің «қуанышымен» бөліседі және осы жобаны интернетте белсенді түрде жарнамалайды, оған туыстарын, достары мен таныстарын тартады.
Пирамида ғұмырының үш кезеңі
Бірінші – қаржы пирамидасын құру. Әдетте, қатысушылар аздаған, сондай-ақ айтарлықтай көп сома енгізсе де ұйымдастырушылар бірінші қатысушыларға өз қаражатынан уәде етілген табысты төлейді.
Екінші – қаржы пирамидасын көпшілікке тарату. Құныққан салымшылар қатысушыларды, оның ішінде таныстары мен туыстарын бірінен соң бірін тарта бастайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әйгілі блогерлерді, жұлдыздарды тарту арқылы әлеуметтік желілердегі агрессивті жарнаманы пайдаланады. Бірақ бұл кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы жеке қаражат есебінен емес, жаңадан тартылған адамдардың есебінен төленеді.
Үшінші – пирамиданың сөзсіз құлдырауы. Ол белгілі бір қатысушылар саны мен қомақты сома жиналған кезде орын алады. Оңай әрі жедел қол жеткізуге болатын пайдаға сеніп келген адамдар сыйақыдан да, өз ақшасынан да қағылады. Сондай-ақ, оларды қандай да бір жолмен қорғау мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, қаржы пирамидасы қаржы ұйымына жатпайды және депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясы жоқ, сәйкесінше қаржы реттеушісінің бақылауында емес.
Қаржы пирамидасын мынадай белгілері бойынша танып-білуге болады:
• Кіріс жарнасын енгізуді ұсынады;
• Нарықтық деңгейден бірнеше есе артық жоғары пайда табатыныңызға кепілдік береді;
• Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарнама кампаниясы арқылы салымшыларды белсенді түрде тартады;
• Басқа клиенттерді тартқаны үшін сыйақы беруді уәде етеді;
• Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпарат болмайды;
• ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың ақшалай салымдарын тартуға арналған лицензия немесе бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмайды.
Ақшаңызды күмәнді схемаларға салмаңыз! Реттелмейтін ұйымдарға ақша салу олардың толық жоғалу қаупінің жоғары деңгейімен бірге жүреді. Әдетте, пирамида қатысушылары арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделген және ақшаны аудару мен шоғырландыру жөніндегі әрекеттерді қатысушылардың өздері жүзеге асырады.
Егер сіз алаяқтықтың осы түріне тап болсаңыз және компанияның қызметінде қаржы пирамидасының белгілері бар деп ойласаңыз, мынадай байланыс түрлері арқылы Агенттікке хабарласа аласыз:
- call-орталық арқылы +7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша (дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда);
- «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы («Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі), оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады. Мобильдік қосымшаның: http://online.fingramota.kz/ru веб-нұсқасы да қолжетімді.
Сақ болыңыз, қаржы пирамидасын танып-білуді үйреніңіз және www.fingramota.kz сайтының «Сақ болыңыз, алаяқтар!» бөлімінде осы тақырып бойынша материалдарды оқыңыз.
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді