Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша ақы төлеу мерзімі кешіктірілсе, не істеу керек?

time 10.12.2021
aye 6110
Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша ақы төлеу мерзімі кешіктірілсе, не істеу керек?

Қарызды қайта құрылымдау үшін Сіз мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен кредиттік ұйымға жүгіне аласыз. Банк немесе микроқаржы ұйымы (МҚҰ) Сіздің өтінішіңізді Қазақстанда 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әрекет ететін реттеудің жаңа тетігі шеңберінде қарауға міндетті.

Өтініште нені көрсету керек?

Өтініште мерзімін өткізіп алудың немен байланысты болғанын көрсету, ықтимал қайта құрылымдау бойынша өз нұсқаларын ұсыну және өз міндеттемелерін тиісті түрде орындаудың мүмкін еместігін куәландыратын растаушы құжаттарды ұсыну қажет.

Қайта құрылымдау талаптары: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, ай сайынғы төлемді азайту, қарыз мерзімін ұлғайту және т.б. түрінде болуы мүмкін.

Өтініш қанша күн қаралады?

Кредиттік ұйым  күнтізбелік 15 күн ішінде жауап беруге тиіс. Жауап:

  • банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістермен келісу;
  • банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беру;
  • себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тарту түрінде болуы мүмкін.

Егер ымыраға келуге қол жеткізілмесе не істеу керек?

Егер сіз кредитормен келісімге қол жеткізе алмасаңыз, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылысыз. Бірақ банкке немесе МҚҰ-ға өтініш бергеніңізді растауды міндетті түрде ұсыну қажет. Егер сіз ХӘОТ санатына жататын болсаңыз, онда осы кезеңде кредиттік ұйым кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу рәсімін бастауға құқылы емес.

Есіңізде болсын, кредит – бұл үлкен жауапкершілік. Мұқият және ұқыпты болыңыз!

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге