«Алматыкітап баспасы» баспа үйі мен «Ойын» атты тұңғыш тәуелсіз балалар театры бірлесіп ұйымдастырған «Актер бар кітап» атты балалар event-іс-шарасы аясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі балаларға арналған цифрлық гигиена ережелері туралы Fingtramota.kz халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жоба шеңберінде айтып береді.
«Актер бар кітап» event-іс-шарасы барысында филология ғылымдарының кандидаты, UIB доценті Шолпан Әдібаевамен әдеби клуб форматында Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» кітабы талқыланады, ал «Ойын» театрының талантты актерлері осы тамаша кітаптан үзінділер оқиды.
Сондай-ақ бағдарламада мыналар күтіледі:
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі балалар киберқауіпсіздігі тақырыбы бойынша интерактивті түрде шағын дәрісі;
- Ахмет Жұбанов атындағы мектеп оқушыларының музыкалық сыйлығы (скрипка, виолончель, фортепиано);
- актерлік курстарға қатысу үшін кітаптар мен абонемент ұтысы;
- «Ойын» актерлік мектебіне экскурсия.
Бұл event-іс-шараның мақсаты кітапты жандандыру, оны талантты актерлердің дауыстарымен дыбыстау!
Уақыты: 19 ақпан (сенбі) 12:00 – 13:30 аралығында. Өтетін жері: Абай атындағы Кітаптар үйі (Алматы қ., Абай даңғылы, 37)
Тақырыбы: Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» кітабы
Кіру еркін! Анықтама алуға арналған телефон: + 7 778 974 13 13
Қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыз!
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт