ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің шытырман оқиғалары немесе ақша қалай пайда болды және оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның бесінші шығарылымы шықты.
Бұл шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсен банк карталары не үшін қажет екенін, оны қалай дұрыс пайдалану керектігін және қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қандай негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін біледі.
Әр шығарылым сайын егіз балалардың қаржылық сауаттылығы жақсарып келеді. Екінші сынып оқушылары қаржылық сауаттылық әлеміне сапарларын негізгі ұғымдардан бастады, банк бөлімшесіне барып үлгерді, енді олардың жеке дизайны бар жеке банк карталары бар!
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар.
Дропперлік = қылмыс!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау» кезеңін енгізу жөніндегі шаралар...
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді