«Garage sale», немесе заттардың қолданылуын қалай ұзартуға болады

time 11.10.2021
aye 7678
«Garage sale», немесе заттардың қолданылуын қалай ұзартуға болады

Fingramota.kz  осыған дейін қор жинау мен ақылға қонымды тұтынудың түрлі әдістері жөнінде айтып берді, осы мақалада үнемдеудің «garage sale» (гараж дық сатылым ) деп аталатын тағы да бір түрін қарап көрелік.

  Гараждық сатылым — бұл үйіңіздегі заттарыңызға тексеру жүргізу тәсілі ғана емес, сондай-ақ ақша табу көзі. Бұл әдістің басқа да атаулары бар – yard sale, tag sale, lawn sale, attic sale, moving sale немесе junk sale. Алайда, олардың барлығының негізі бір  –  ескі заттарға жаңа өмір беру.

Үнемді  интернационал

«Garage sale» – сатылымның мұндай бірегей түрі АҚШ-та пайда болған. Америка қалаларының тұрғындары үшін бұл – олардың ұлттық ерекшелігіне айналған үлкен мереке.  Мұндай сатылым сирек кездесетін және қажетті заттар сатып алғысы келетін адамдар үшін көптен күткен  оқиға.  Тауарлар гараждың сөрелеріне қойылады, осыдан оның «garage sales» атауы пайда болған. Адамдар қажетсіз заттарын: киім-кешек пен аксессуарлардан бастап ыдыс-аяқ пен жиһаздарды өте арзан бағаға  сатуға шығарады, сөйтіп олар үйлерін қажетсіз заттардан тазартып қана қоймай, біраз ақша да табады. Уақыт өте келе гараждық сатылым Америкадан тыс жерлерде таратылды.

Фин халқында жылына екі рет –  мамыр және тамыз айларында көгалда немесе үйлердің ауласында  «Тазалау күнін» өткізетін дәстүр бар. Мұндай шараларға, әдетте, арзан бағаға пайдалы зат сатып алғысы, сондай-ақ уақытын жақсы өткізгісі келетін көршілер ат салысады. Мұндай ақылға қонымды шопинг барлық тараптар үшін пайдалы. Адамдар азғана бағаға өзіне қажетсіз затты сатады, ал оның орнына шын мәнінде қажетті затқа ие болады. «Тазалау күнінің» финдер үшін экологиялық мақсаты бар – бұл кейбір заттарға екінші өмір бере отырып, өзінің шығыстары мен қалалардағы қоқыс санын азайту мүмкіндігі.

Бұл үрдіс бүкіл әлем бойынша күннен-күнге танымал болып келеді. Мысалы, ресейліктерде гараждық сатылымдардың бірнеше түрі бар: жалғыз (заттар бір қолдан сатылады); ауқымды – оған барлық ниет білдіргендер қатыса алады; қайырымдылық – түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады; тақырыптық – белгілі бір тауарларды: балалар киімі, қолдан жасалған бұйымдар, техника және т.б. сату.   Қазақстанда да мұндай сатылымдар өткізіліп тұрады, алайда көп жағдайда қайырымдылық және тақырыптық сатылым түрлері кездеседі.

Гараждық сатылымды қалайша дұрыс өткізу  қажет?

Мұндай сатылымды ұйымдастыру қиындық туғызбайды. Ол үшін Сізге:

  1. Өз заттарыңызға: киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, техника және пайдаланбайтын басқа да көптеген заттарға «рейд» жүргізу;
  2.  Сатқыңыз келген затты жөндеп, тазалау, яғни тауарлық түрге келтіру;
  3.  Заттың құнын ақылға қонымды шекте бағалау;
  4. Тауардың толық сипаттамасын және жеткізу немесе өзі алып кету талаптары көрсетілген жарнама орналастыру қажет.

Толы ғырақ « Бюджетті жоспарлаймыз» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге