Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз

time 2.03.2026
aye 75
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз

2026 жылғы 31 қаңтардан бастап ипотеканы өтеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енді. Fingramota.kz-пен бірге не өзгергенін, оның кімге қатысты екенін және бұл қарыз алушыларға қаншалықты пайдалы екендігін анықтайық.

Зейнетақы жинақтарымен әлі де не істеуге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат тұрғын үй сатып алуға, ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге (оның ішінде Отбасы банкінде және басқа да банктерде), жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға, Отбасы банкіндегі депозитті толықтыруға жұмсалуы мүмкін. Бұл жерде бәрі өзгеріссіз қалды.

2026 жылдың басты жаңалығы

Бұрын Отбасы банкіндегі ипотекалық қарызды зейнетақы жинақтарындағы артық ақшаның есебінен ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде пайыздарды қоса алғанда, ай сайынғы төлемді толығымен жабуға болатын. Егер БЖТ сомасы төлем мөлшерінен асып кетсе, қалған қаражат негізгі қарызды өтеуге жұмсалды.

Ендігі жерде Отбасы банкіндегі кредитті зейнетақы жинақтары есебінен өтеу тәртібі өзгерді. Зейнетақы қаражатын тек негізгі қарызды өтеуге  бағыттауға болады. Төлем мерзімін өткізіп алудан туындаған пайыздарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды немесе қарыздарды төлеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалануға бұдан бұлай рұқсат етілмейді, бұл сомаларды қарыз алушылар өзі төлеуге мәжбүр болады. Төлем мынадай ретпен жасалады: қарыз алушы алдымен өз ақшасынан пайыздар мен басқа да міндетті төлемдерді төлейді, содан кейін зейнетақы жинақтары тек негізгі қарызды өтеуге жіберіледі.

Бұл өзгеріс Отбасы банкінде ресімделген ипотекалық қарызды өтеуге қатысты. Басқа банктердегі ипотекалық қарыздарды өтеу кезінде процесс өзгеріссіз қалды.

Бұл іс жүзінде нені білдіреді?

Мысал. Тұрғын үй қарызы 

Зейнетақы қалдықтары — 100 000 теңге. Ай сайынғы төлем — 74 825 теңге, оның ішінде пайыздар — 6 175 теңге, негізгі борыш - 65 699 теңге.

Жаңа ережелер күшіне енгенге дейін барлық төлемді зейнетақы жинақтары есебінен өтеуге болады. 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап 6 175 теңге пайызды қарыз алушы өз қаражатымен төлейді, 65 699 теңге БЖТ есебінен негізгі борышты өтеуге жіберіледі. Қалған 34 301 теңге қосымша негізгі қарызды азайтады.

Кредит мерзімін қысқартқыңыз келе ме?

Қысқартуға болады. Банкке өтініш беріп, төлем қабілеттілігін растау қажет. Мынаны түсініңіз: мерзім қысқарған кезде ай сайынғы төлем артады. Банк жаңа сома бюджетіңізге шамадан тыс салмақ салмауын тексереді.

Емдеу және салықты жою туралы не білесіз?

Зейнетақы қаражатын емдеуге пайдалану мүмкіндігі уақытша тоқтатылды. Бұл алаяқтық схемалардың, қаражатты заңсыз алудың алдын алып үшін жасалды. Қағидаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін норма қайта қаралуы мүмкін.

Салықтың күшін жою. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге алған  кезде табыс салығын алып тастау қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болып отыр. Енді төлем сомасына 10% салық салынбайды, бұл қарыз алушының шотында көбірек қаражатты сақтайды.

Есте сақтаңыз! Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім берген кезде өтінімді қарау мерзімдерін ескеру маңызды – бұл қаражаттың нақты қашан келіп түсетініне және өтелуіне байланысты.

Егер қаражат ипотекалық қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге жұмсалса, рәсім екі кезеңнен тұрады:

Отбасы банк 2 жұмыс күні ішінде өтінішті тексеріп, оны БЖЗҚ-ға жібереді;

БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарап, қаражатты банкке аударады.

Осылайша, жалпы мерзім 7 жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.

Егер мақсат зейнетақы жинақтарын жақын туыстарға беру болса, өтінімді қарау мерзімі 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды бекіту – 20 жұмыс күні. Бұл ретте өтінімді қарауға бөлінген мерзім – 10 жұмыс күні.

Кешіктірулер мен қаржылық тәуекелдерді болдырмау үшін мәмілені жоспарлау немесе кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде көрсетілген мерзімдерді алдын ала ескеру қажет. Сонымен бірге өтінімнің аяқталуын және тиісті СМС-хабарламаның түсуін мұқият қадағалаңыз, сондай-ақ өтінімге сіздің ЭЦҚ қойылғанын және құжаттардың дұрыс салынғанын тексеріңіз.

Егер мәселеге сауатты қарасаңыз, жаңа қағидалар ипотекадан тезірек шығудың құралы бола алады.

white-arrow Тізімге