Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері

time 18.06.2024
aye 1394
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері

Заманауи қаржы пирамидалары жеңіл әрі жылдам табыс алу "ғажайыбына" сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтарды өзіне тән белгілермен анықтауға болады, олар туралы Fingramota.kz айтып береді.

Сұраныстан ұсыныс туындайды  

Қаржы пирамидалары өздерін жоғары кірісті инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсете бастады. Өздерінің жарнамалық науқандарында олар «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «бірегей», «аса тиімді», «табыстылыққа кепілдік береміз» және т. б. сөздерді пайдаланады. Жалпы, қазіргі заманғы қаржылық пирамидалар кез-келген нәрсе ретінде жасырылған. Алаяқтар заңды букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтері және жабық инвестициялық пай қорлары ретінде жасырына алады.

Қаржы пирамидалары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді, онлайн-табыстар немесе онлайн-жобаларды ұсынады. Немесе танымал мессенджерлерде чаттар жасайды және қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.

Қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейді

Алаяқ бірнеше қатысушыны тауып, оларға екі есе табыс табуға уәде беруі керек. Оның орнына қатысушылар кем дегенде тағы екі адамды алып келуі, сондай-ақ шағын ақшалай жарна салуы керек. Нәтижесінде жарналардың мөлшері астрономиялық болады және осы кезеңде бәрі «қирайды». Алаяқ елден үлкен олжамен кетеді, ал қиындыққа тап болған инвесторлар ақшаны қайтаруға болмайтынын түсініп, құқық қорғау органдарына өтініш жазады. Бұл әлемнің көптеген елдерінде ондаған жылдар бойы болды. Тек қаржы пирамидаға арналған тақырыптар, сондай-ақ азаматтарды алдау схемалары өзгереді. Ал принцип тұрақты.

Әдетте қаржы пирамидалары қысқа уақыт қана жұмыс істейді, ерте ме, кеш пе, алаяқтық схемалар жүздеген адамдарға шығын әкеледі, «жарылады». Шынында да, мұндай құрылымдарға салынған қаражатты алу мүмкін емес. Пирамиданы ұйымдастырушылар алданған салымшылардың ақшасын сақтықпен алып, оларды түксіз қалдырады.

Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы - қаржы пирамидаларын толығымен елемеу. Егер Сізге тартымды жобаға қатысу, ақшаны бастапқы жарна ретінде салу, достарыңызды әкелу ұсынылса, сонымен қатар сіздің салымдарыңыз тұтастай сақталатынына кепілдік берсе, бұл қаржы пирамидасы емес, оның үстіне сіз бұрын-соңды болмаған табыс аласыз десе, сенбеңіз. Бұл қаржы пирамидаларының негізгі белгілері.

Жалпы компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бірақ бұл мәселеге мұқият қараңыз, өйткені оларды мүдделі адамдар қалдыруы мүмкін. Барлық құжаттарды оқыңыз. Компания нақты немен айналысатынын және ақшаңыздың қайда салынатынын сұрап біліңіз. Мұны қалай растауға болатындығын сұраңыз. Бұл ақпаратты өзіңіз тексеріңіз. Осыған ұқсас қызметтерді ұсынатын басқа ұйымдармен талаптарын салыстырыңыз.

 Егер сіздің қаражатыңызды орналастырудың неғұрлым пайдалы шарттары болса, олардың компанияларының пайдасы осы салада жұмыс істейтін ұқсас құрылымдарға қарағанда ненің есебінен бірнеше есе жоғары екенін компания қызметкерінен сұраңыз және сұрақтарыңызға нақты жауаптар алыңыз. Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.

Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе шартты мұқият оқуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Содан кейін сіздің ақшаны қайырымдылық немесе кіру жарнасы ретінде салғаныңыз, соның арқасында күмәнді клубқа мүшелікке ие болғаныңыз анықталуы мүмкін. Егер Сізге шарт немесе оның жекелеген ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар!


white-arrow Тізімге