А вто көлікті зияннан қорғауға және осылайша көзделмеген шығыстарды болдырмауға КАСКО көмектеседі .
КАСКО – бұл жол-көлік оқиғасы (ЖКО), (ахуалға және жүргізушінің кінәсіне қарамастан), айдап әкету, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеті тәуекелдерін және т.б. жабатын ерікті сақтандырудың түрі. Көптеген жүргізушілер үшін КАСКО қорғау синонимы және олардың автоларының қауіпсіздігі болып табылады. Мұнда азаматтық-құқықтық жауапкершілік (АҚЖ) ретінде жүргізушінің құқығы емес, автомобильдің өзі сақтандырылатындығын білген жөн.
КАСКО -ның авто көлікті міндетті сақтандырудан айырмашылығы неде ?
Мысал бойынша талқылайық. Мәселен, жүргізуші ЖКО кінәлі болып табылатын болса, осының салдарынан басқа адамдар зардап шекті. Бірақ жүргізушіде азаматтық-құқықтық жауапкершілік (АҚЖ) полисі және КАСКО бар. АҚЖ полисінің көмегімен автокөлік иесі зардап шеккен адамға келтірілген зиянды өтей алады, ал КАСКО бойынша – сақтандырушы иесінің кінәлі болуына қарамастан және автомобиль соғылса да өтемақыны өтейді.
КАСКО қандай жағдайларда зиянды жаба алады ?
КАСКО-ны ресімдеу кезінде сіз өзіңіздің «темір тұлпарыңыз» бойынша сақтандырылатын тәуекелдерді таңдай аласыз, ең бастысы – оларды дұрыс таңдау. Мысалы, сіз автомобильді айдап әкетуден сақтандырғыңыз келсе, бірақ автомобиль табылған болса, онда автомобильді бүтіндей сақталған түрде қайтаруға ешкім кепілдік бермейді. Қандай да бір қосалқы бөлшектердің жетпеуі мүмкін, өкінішке орай, автосақтандыру бұл тәуекелді өтей алмайды, себебі белгілі бір опция таңдалған жоқ.
Егер бөтен адам сіздің машинаңызға қандай да бір жолмен зиян келтірсе, терезеге сызат түсірсе немесе сындырса, не ол майысса, КАСКО полисі шығындарды жабады және сақтандырушы өтемақы төлейді. Сақтандыру шартының талаптарында көрсетілген «Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері» тармағы көрсетілген жағдайларға да қолданылады.
Сақтандырушының лицензиясын қалай тексеруге болады?
КАСКО полисін сатып алу алдында сақтандыру компаниясын таңдауды анықтап алу қажет. Сақтандырушының лицензиясының болуын тексеріңіз. Бұны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында www.gov.kz «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде жасауға болады.
Толығырақ «Сақтандыру» бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды