Кері байланыс: Борыш жүктемесін қалай төмендетуге және жалғыз баспананы қалай сақтауға немесе кредиттер бойынша «оңалтылған» мәртебесін қалай алуға болады

time 20.05.2021
aye 7865
Кері байланыс: Борыш жүктемесін қалай төмендетуге және жалғыз баспананы қалай сақтауға немесе кредиттер бойынша «оңалтылған» мәртебесін қалай алуға болады

ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара іс-әрекет жасау үшін қаржылық қызметтерді тұтынушылар Fingramota Online мобильдік қосымшаны белсенді түрде қолданады . Бүгінгі күні мобил ьдік қосымшаға 2 800 аса сұрақ түсті . Негізінен азаматтар ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру, кредиттік тарихты оңалту бойынша, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,  коллекторлық агенттіктердің қызметі және көптеген басқа мәселелер бойынша өтініш берді. Төменде ең танымал сұрақтар мен оларға жауаптар берілді.

ХӘОТ ипотекалық қарыз алушылардың қаржылық жүктемесін төмендету

Сұрақ : Сәлеметсіз бе , мен ХӘОТ мүгедек баланың қамқоршысы болып табыламын . Менің ипоте калық қарызым бар , ипотек аға пәтер алдым . Қазіргі уақытта төлей алмай жатырмын . Айтыңызшы , не істеуге болады ?    

Жауап : Ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың борыш жүктемесін төмендету және жалғыз баспанасын сақтау үшін  2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.  Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ  2016 жылғы  1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

2021 жылғы 27 сәуірден бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес қаржылай қолдау шаралары кәмелетке толмаған және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ тәрбиесінде (қамқорлығында) ХӘОТ мәртебесіне ие адам бар және еңбекке қабілетсіз адамдарды ұстауға, емдеуге жұмсалатын шығыстары бар қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқорлыққа алу 2021 жылғы 1 қаңтар бойынша расталуға тиіс.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан  танысуға болады.

Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін Сізге өзіңіздің кредитор банкке өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіну қажет.

Коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл

Сұрақ: Коллекторлық агенттіктер туыстар мен таныстығы аз адамдарды алаңдатуы мүмкін бе? Олардың іс-әрекеттері қаншалықты заңды?

Жауап: Коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелерге байланысты борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауға құқылы. Егер шартта мерзімін өткізіп алу туындаған жағдайда үшінші тұлғалармен байланыс жасауға келісім көрсетілсе, онда коллекторлардың іс-әрекеттері заңды.

Сұрақ: Коллекторлық агенттіктер борышкердің банктік шотын бұғаттауға құқылы ма?

Жауап: Коллекторлық агенттіктердің борышкердің банктік шотын бұғаттауды жүзеге асыруға, сондай-ақ борышкерлердің шоттарына төлем талаптарын қою арқылы берешекті акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға құқықтары жоқ.

Банктік шоттарға тыйым салуды сот актілері негізінде және сот орындаушылары сот орындаушыларының қылмыстық-процестік заңнамада және атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен прокурор санкциялаған қаулылары негізінде ғана қолдана алады.

Банктік шотқа шектеулер қоюдың себептерін анықтау үшін борышкерлердің және шығуға уақытша шектелген борышкерлердің бірыңғай тізілімі арқылы өз деректеріңізді тексеру немесе шот ашылған банкке жүгіну қажет.

Сұрақ: Коллекторлық агенттіктердің тізімін қайдан көруге болады?

Жауап: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімі арқылы таныса аласыз.

Қарыз алушыларды оңалту тетігі

Сұрақ: Қайырлы күн! Кредиттер бойынша «оңалтылған» мәртебесін қалай алуға болады?

Жауап: қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қалпына келтіру мақсатында ағымдағы жылғы 9 сәуірден бастап Агенттік кредиттік тарихы нашар және проблемалық берешекті қайта құрылымдауды қажет ететін қарыз алушыларды оңалту тетігін енгізді.

Оңалту тетігі қарыз алушыға кредиттік бюролар жүйесінде «оңалтылған» мәртебесін беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың банктер мен басқа да кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін адал орындағанын растау болып табылады.

Мәртебе алу үшін қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді.

Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі толық емес, ішінара өтелген болса, банктер кейіннен неғұрлым ыңғайлы өтеу кестесімен оңалту жоспарын жасау үшін әрбір осындай қарыз алушымен оның төлем қабілеттілігін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізетін болады.

Тиісінше, мұндай қарыз алушылар «оңалтылған» мәртебесін алу оңалту жоспарын орындаған жағдайда және соңғы 12 айда өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде мүмкін болады. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Мәртебесін тексеру үшін азаматтар мемлекеттік кредиттік бюроға жүгіне алады.

 

Сұрақ: Менің шетелге шығуыма шектеу қойылған. Мен борышкерлер тізілімінда бар-жоқтығымды қайдан көре аламын?

Жауап: Борышкерлер тізілімімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.gov.kz/services/3187?lang=kk ресми интернет-ресурсында таныса аласыз.

Микроқаржылық  қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Мен жалғызбасты анамын, бұрын МҚҰ-дан кредит алғанмын. Қазіргі сәтте төлей алмаймын, кестені өзгертуге көмектесіңіз!

Жауап: Микрокредит шартына қол қоя отырып, қарыз алушы шарттың барлық талаптарымен өзінің келісімін автоматты түрде растайды және өзіне құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде микроқаржы ұйымдарына сыйақы төлей отырып, микрокредиттерді уақтылы қайтару бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайды.

Шартқа қол қоймас бұрын негізгі ақпаратты мұқият зерделеу қажет - бұл қарыз алушының және микроқаржы ұйымдарының құқықтары, міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі және шарттың жалпы талаптары.

Микрокредиттерді өтеу шарттарын өзгерту мәселесі бойынша Сізге микроқаржы ұйымына мерзімі өткен берешектің пайда болу себептері, кірістер және микрокредит шартының талаптарын өзгерту қажеттілігін негіздейтін басқа да мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын, оларды қарау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініштермен жүгіну қажет.

Микроқаржы ұйымы шартты өзгертуден бас тарту не қанағаттандыру туралы тиісті шешім қабылдай отырып, өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.

Сұрақ: Агенттік микроқаржы ұйымдарының қызметін реттей ме?

Жауап:  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарды қорғау және алаяқтық тәуекелдерін төмендету үшін микрокредиттеу нарығында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҰ) лицензиялау енгізілді.

Ең төменгі стандарттарды сақтау үшін МҚҰ тұрақтылығын, қаржылық, техникалық құралдардың және персоналдың болуын қамтамасыз ету үшін 2019 жылғы қарашада МҚҰ-дың жарғылық және меншікті капиталдарының мөлшеріне талаптар белгіленді.

МҚҰ-дың жарғылық және меншікті капиталдарының мөлшеріне қойылатын талаптар 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен МҚҰ үшін капиталдардың ең төменгі мәндерін 30 млн теңгеден  100 млн теңгеге дейін, кредиттік серіктестіктер үшін – 10 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін, ломбардтар үшін – 10 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін арттыру көзделеді. Бұл ретте жаңадан құрылатын ұйымдар жарғылық және меншікті капиталды көтеріңкі ең төмен мәндер деңгейінде қалыптастыруға тиіс.

ҚНРДА-ға белгіленген мерзімде лицензия алуға өтініш білдірмеген не лицензия алудан бас тартылған микроқаржы нарығында жұмыс істеп тұрған ұйымдарға қатысты сот тәртібімен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату бойынша шаралар қабылданатын болады. 

Қаржы пирамидаларының белгілері

Сұрақ: Күмәнді ұйым менің зайыбыма кенен табыс пен қаржылық тәуелсіздікті уәде етеді. Қазақстанның бірнеше қаласында өкілдіктері бар, презентацияларды белсенді түрде жүргізеді, бірақ мен бұл қаржы пирамидасы екеніне 100% сенімдімін. Қаржы пирамидаларының белгілері қандай?

Жауабы:  Егер сіз ұйым қызметінің заңдылығында күмәнданатын болсаңыз, кез келген жағдайда мұндай компанияларға салым жасамауды ұсынамыз.

Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері туралы естеріңізге саламыз:

1.        Қаржы реттеушісінің ақша қаражатын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болмауы;

2.        Жаңа қатысушыларға басқа салымшылардың жарналарынан ақшалай қаражат төлеу;

3.        Меншікті негізгі қаражаттың, басқа да құнды активтерінің болмауы;

4.        Егер компания «кеше ғана» дерлік, ақша жинау алдында тіркеліп, оның жарғылық капиталы кішкентай және жалғыз құрылтайшысы болса, бұл күмән тудырады. Әсіресе компания өзін жетістікке жеткен әрі дамушы ретінде таныстыратын болса, бұл күмәнді;

5.        Ұйым белсенді түрде жарнамаланып, көпшілік алдында нарықтық деңгейден анағұрлым жоғары, аса жоғары табысқа кенелу туралы уәде беретін болса;

6.        Сізге тәуекел жоқ деп мәлімдейтін болса. Нағыз инвестициялық компаниялар салымшыларға тәуекелдер туралы ескертеді;

7.        Алдын ала жарналар – әдетте сізге жобаға салым жасау (содан кейін аса көп дивидендтер алып отыру үшін) мүмкіндігіне қол жеткізу үшін белгілі бір ақша сомасын қолма-қол енгізу қажет. Бұл әділетсіз ойынның ең анық белгісі;

8.        Егер компания сіздің ақшаңызды табысы жоғары (мысалы, мұнай немесе алтын өндіру, құрылыс) кәсіпорындарға инвестициялайтынын мәлімдейтін болса, құжатамалық растамаларды сұраңыз. Құжаттар болмаса, сіздің алдыңызда – 100% алаяқтар;

9.        Егер қандай да бір ауытқу болған жағдайда, шартта компания сіздің алдыңызда жауапкершілікке ие болатындығы түсініксіз болса. Сіз ешбір жағдайда ақшаңызды салмаңыз;

10.      Сізден жаңа клиенттер алып келуді сұрайтын болса – бұл сіздің алдыңызда басқалардың ақшасы арқылы пайда тапқысы келетін айқын емес қаржы сызбасы екендігінің тағы бір дәлелі.

Сұрақ: Агенттікке жолданған өтініштер қанша уақыт ішінде қаралады?

Жауап: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Өтініштер туралы заңның 8-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Егер Сіздің құқықтарыңыз бұзылса, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде Сіз Агенттікке жүгіне аласыз:

  •  А15с9т5, Алматы қаласы, Көктем-3 ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша өтінішпен жүгінуге болады.
  •  электрондық пошта арқылы: info@finreg.kz, tal@finreg.kz.
  •  аумақтық қатыстылығы бойынша Өңірлік өкілдер басқармасына.

white-arrow Тізімге