Қаржы реттеушісі «Отбасы банк» функционалын жоспарланып отырған кеңейту туралы айтып берді

time 13.01.2021
aye 1723
Қаржы реттеушісі «Отбасы банк» функционалын жоспарланып отырған кеңейту туралы айтып берді

2021 жылғы 5 қаңтарда Отбасы банкіне банк операциясының қосымша түрін енгізе отырып лицензия берілді. Онда ипотека мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жазу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу мен жүргізу көзделген.

 «Қазіргі уақытта Агенттік Үкіметпен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясаты және міндетті тұрғын үй жинақтаушы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде. Біз алдағы жарты жылда оны келісу жұмысын аяқтаймыз және заң жобасы қабылданады деп болжап отырмыз» - деді ҚНРДА екінші топтағы банктерді қадағалау басқармасының бастығы Дәурен Нисинбаев.

Заң жобасы  қабылданғаннан кейін қаржы институты баспанаға мұқтаж барлық азаматтар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді деп күтіледі. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын ипотека мен емделуге жұмсау үшін беру аясында өзекті. Нисинбаев «бір терезе» қағидатын енгізгеннен кейін азаматтардың баспанаға мұқтаж мәртебесін растау, кезекке тұру, одан кейін қарыз алу үшін банкке жүгіну үшін бірнеше сатыдан өту қажеттілігі болмайды деп хабарлады.

«Заң жобасының мақсаты баспанаға мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. «Отбасы банк» тұрғын үйді есепке алуға қою мен бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын жан-жақты даму және қолдау институты болады», - деп хабарлады Нисинбаев.

Банк тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдарды (депозиттерді) қабылдай береді, салымшылардың шоттарын ашып, жүргізеді, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қарыздар береді, бірақ оның қызметі Кезекте тұрған адамдарды есепке алудың бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйесіндегі азаматтардың есебін жүргізу және есепке алу қызметімен толықтырылады. Бұдан басқа Отбасы банк «Баспанамен қамтамасыз ету орталығы» базасын қалыптастырумен, есепке алумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын болады. Сонымен бірге қаржы институты тұрғын үй сертификаттарын беру процестерін басқаратын болады. Осылайша, «Отбасы банк» АҚ кезекте тұрған адамдардың тізімдерін жүргізу және мониторингтеу, салынған баспананы бөлу, Кезекте тұрғандардың бірыңғай базасын жаңарту функцияларын және азаматтардың кезектілік өлшемшарттарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыратын болады.

Айта кетерлігі, «Отбасы банк» - тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк, онда 1,7 млн салымшы бар, бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың шамамен 17%-ы. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жалғыз акционері болып табылады. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салымшылардың тұрғын үй жинақтарының көлемі 951 млрд теңге, кредиттік портфель көлемі 1 298 млрд теңге болды.

white-arrow Тізімге