Кредит алаяқтары әлеуметтік инженерия мен IT-технологиялар әдістерін пайдаланып банктер, микроқаржы ұйымдары клиенттерінің дербес деректерін қолға түсіруге тырысады.
Қазақстанда қаржылық қылмыстардың санын төмендету мақсатында одан қорғанудың арнайы тетігі әзірленді, оның шеңберінде әрбір азамат жаңа кредиттер алуға тыйым салуды дербес енгізе алады. Оны қалайша іске асыру жөнінде Fingramota.kz айтып береді.
Қарыздар беруге дербес тыйым салу («Стоп кредит» немесе «6 айға банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті бас тарту») – бұл адамның банктерден, микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) жаңа кредиттер алудан ерікті бас тартуы. Мұндай тыйым салуды тек қарыз алушының өзі белгілей алады. Аталған опцияны пайдаланған кезде қарыз алушының кредиттік тарихында оның кредиттер алудан уақытша бас тартқаны жөнінде белгі пайда болады. Кредиттік ұйым кредиттік бюролардан деректерді сұрақтан кезде шектеу жөнінде осындай белгіні көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін ұйымдарға қолданылмайды.
Назар аударыңыз: егер кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салу белгіленгеннен кейін адамның атына ол білмейтін қарыз ресімделсе, берешек автоматты түрде жойылады.
«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады
«6 айға банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» кредиттік алаяқтардан қорғау болып табылады және оған egov.kz сайтында, е-GOV mobile қосымшасында қол жеткізуге болады. Бұл сервиске азаматтардың ұсыныстарына сәйкес өзгерістер енгізілетін болады.
Қызметті компьютер арқылы пайдалану үшін:
Бұл қызметті телефоннан да қосуға болады:
Назар аударыңыз: «Банктік қарыз, микрокредит алудан 6 айға ерікті түрде бас тарту» қызметінен кез келген уақытта бас тарта аласыз. Өзіңіздің ЭЦҚ-кілтіңізді бөгде адамдарға бермеу маңызды!
Цифрлық гигиенаны сақтаңыз!
Fingramota.kz қауіпсіздіктің қарапайым шараларын ұстаныңыз, олар қаржылық алаяқтық тұзағына түспеуге көмектеседі:
Егер сіз өзіңіздің дербес деректеріңіз не өзіңіздің деректеріңіз туралы ақпаратты абайсызда жария еткен болсаңыз, үшінші тұлғаларға мәлім болса, онда өз карталарыңызды бұғаттаңыз және банктік қосымшада жеке кабинетіңіздің, электрондық поштаның, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңыздың құпиясөздерін ауыстырыңыз. Сондай-ақ, егер алаяқтар сіздің шотыңыздан ақша алып үлгерсе, міндетті түрде өз банкіңізге, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Банк карточканы бұғаттайды және жаңасын қайта шығарады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда. Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауатты болыңыз!
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма