«Кредиттік тарихыңызды тазартамыз» - қаржылық алаяқтықтың жаңа түрі!

time 22.08.2022
aye 7393
«Кредиттік тарихыңызды тазартамыз» - қаржылық алаяқтықтың жаңа түрі!

«Кредитсіз өмір», «Борыштан тазарту», «Кредит тарихын түзетеміз», «Кредит алу бойынша қызметтер: тез және артық құжаттарсыз» – мұндай ұсыныстар интернеттегі жарнамалық хабарламаларда, әсіресе әлеуметтік желілерде жиі кездеседі.

Осылайша, жалған кредиторлар азаматтарды өздерінің алдау схемаларына тартады немесе олар «жалған кредиторлар» деп те аталады, олар бұзылған кредиттік тарихты түзетуге, кредиторлар мен коллекторлармен проблемаларды шешуге, қарыз міндеттемелерінен толық арылуға, сондай-ақ аз ақшаға қысқа мерзімде банктік кредит немесе микроқарыз алып беруге көмектесеміз деп сендіреді. «Жалған кредиторлар» «қаржы ұйымдары», сондай-ақ қаржы саласындағы жеке жалған сарапшылар да бола алады.

Егер біреу сізге белгілі бір ақыға кредиттік тарихыңызды «жақсартуды» немесе жеке кредит есебінен теріс ақпаратты алып тастауды ұсынса, сенбеңіз – бұл алаяқтар!

Сондай-ақ, есіңізде болсын, клиенттер мен екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының арасында банктік қарыз не микрокредит ресімдеуге көмектесе алатын ешқандай делдал болмайды! Бұл – сіздің ақшаңызға қол жеткізген соң телефонды өшіріп, жоқ болып кететін алаяқтар.

Қаржылық қызметтер алу үшін өз қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды сұрайтын және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы жоқ адамдарға ешқашан жүгінбеңіз.

Кредит ресімдеу үшін ешкімге ақшалай сыйақы бермеңіз және бөтен адамдарға өзіңіз және өзіңіздің картаңыз туралы ақпаратты ұсынбаңыз, жалған сілтемелерге кірмеңіз және үшінші адамдардың нұсқаулары бойынша қосымшаларды жүктемеңіз.

Өзіңізді және өз жақындарыңызды қорғау үшін қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

white-arrow Тізімге