Менің мақсатым анық — сені алдау: алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдаланады

time 3.02.2025
aye 1175
Менің мақсатым анық — сені алдау: алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдаланады

Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) көз ілеспейтін қарқынмен дамуда, оның өнімдерінің ішіндегі ең қауіптісі дипфейк  ол жасанды бейнелер, аудио және бейне жазбаларды қолдан жасау арқылы адамдарды жаңылыстырып, алдау дегенді білдіреді. Дипфейктер күннен күнге жетілдіріліп, шынайыдан ажырата алмайтындар дәрежеге жетті, оны алаяқтар азаматтарды алдау үшін әккі пайдалануда.  

Оларды жасау жолдары және өзіңізді және жақындарыңызды диджитал-алаяқтықтан қалай қорғауға болатыны жөнінде  Fingramota.kz-пен бірге қарап көрелік. 

«Дипфейк» ұғымы «deep learning» деген сөздерден, яғни «терең зерделеу» және «fake» - «жалған» деген сөзден шыққан. «Дипфейк» — нейрондық желілерге негізделген технология, ол шынайы адамдардың бейнесіне ұқсастырып, жалған бейнелер, аудио және бейнежазбалар жасауға мүмкіндік береді. Заманауи дипфейктердің  шынайы бейнелерге ұқсастығы соншалықты, ол жөнінде хабары адамдар жалғанды түпнұсқадан ажырата алмай жатады.

Дипфейктердің негізгі түрлері

1. Бейне — бейнероликтерде адамдардың жалған бет келбетін жасау, жалған сұхбаттар мен үндеулер жасау.

2. Аудио — адамның дауысын жасау, туыстардан немесе басшылардан жалған қоңыраулар жасау.

3. Кескіндер — жоқ адамдардың фотосуреттен жасау немесе шынайы суреттерді өзгерту.

Алаяқтар дипфейктерді қалай қолданады?

«Анашым, көмектес!» — «туысқандардан» қоңыраулар 

Алаяқтар әлеуметтік желілерден немесе телефон қоңырауларынан адамдардың дауыстық жазбаларын жинайды, содан кейін жасанды интеллект көмегімен дипфейк-аудио жасайды. Әрі қарай олар «жәбірленушінің атынан» туыстарына қоңырау шалып, мысалы: «Анашым, мен апатқа ұшырадым, шұғыл ақша керек!» деген сияқты және басқа да қорқынышты дауыстық хабарлар арқылы жедел түрде ақша аударуды сұрайды. Олар көбінесе түнгі уақытта, жәбірленушінің алаңсыз отырған кезінде қоңырау шалады, көп жағдайда адамдар ойланбастан ақшаны аударып жібереді. 

Өзіңізді қалай қорғауға болады? Қоңырау сіз білетін нөмірден келсе де, оған бірден сене салмаңыз. Алаяқтар басқа адамдардың дауыстарын ғана емес, телефон нөмірлерін де қолдан жасауды үйреніп алған. Байланысты бірден үзіңіз және жақын адамның нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ, сіз және сіздің жақын туысыңыз ғана білетін код сөзін қолданыңыз.

«Сіздің бастығыңыз ақша аударсын деп жатыр»  

Алаяқтар көбінесе компания басшысының атын жамылып, дипфейк-бейнежазбаны немесе аудионы пайдаланады. Олар қызметкерлерге ақша аударуға немесе конфиденциалды деректерді беруге шұғыл тапсырмалар жібереді. Біз бұл схеманы Fake Boss материалында егжей-тегжейлі сипаттап береміз.

Өзіңізді қалай қорғауға болады? Ақша аударуды немесе конфиденциалды ақпарат беруді сұраған кезде әрқашан басшының өзімен хабарласып оның шынайы екендігін тексеріңіз. Сондай-ақ, кез келген қаржылық операцияларды бірнеше байланыс арналары арқылы растаңыз. Сонымен қатар, кез келген қаржылық операциялар үшін «қосарлы тексеру» ережесін енгізуді ұсынамыз.

«Мен сені әшкерелеймін!» деп қорқытып, бопсалау


Алаяқтар дипфейк арқылы жалған бейне жазбалар жасайды, онда өзін құрбан ретінде көрсетіп отырған адам бопсалайтын, ойдан туындаған нәрселер айтады. Содан кейін олар оны «жария етпеу» үшін ақша талап етіп, адамды бопсалайды, олардың талабы орындалмаған жағдайда өздері ойдан шығарған айыптайтын ақпаратты жария етеміз немесе осы бейнені желіде жариялаймыз деп қорқытады.

Олардан қалай қорғануға болады? Ешқашан бопсалаушыларға ақша жібермеңіз. Қауіп төнген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына және киберқауіпсіздік мамандарына хабарласыңыз.

 «Мен құқық қорғау органының өкілімін...» деп полиция қызметкерлері атын жамылған адамның бейне қоңыраулары

 Алаяқтар жәбірленуші туралы ақпаратты жинайды (мысалы, әлеуметтік желілер, деректердің жария болуы және т.б.) және құқық қорғау органдарының қызметкеріне ұқсайтын дипфейк бейнесін жасайды. Әрі қарай, олар құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп өздерін таныстыра отырып, бейнеқоңырау жасауды бастайды және ықтимал жәбірленушіге оның қылмыстық іске қатысы бар екенін хабарлайды. Алаяқтар жасалған ауыр қылмыс туралы айтады және қылмыстық қудалауды болдырмау үшін айыппұл төлеу арқылы жағдайды «реттеуді» ұсынады. Алаяқтар өз сөздерін растау үшін жалған құжаттарды немесе жалған дәлелдерді қолдана алады.

Қалай қорғану керек? Егер сізге құқық қорғау органдарынан қоңырау шалса еш жағдайда қорықпаңыз. Сізге қандай бап бойынша айыптап тұрғанын, іс-әрекет қашан орын алғанын және қандай полиция бөлімшесіне бару керек екенін сұраңыз.  Сондай-ақ, сізге қоңырау шалған ұйымның: ҚР ІІМ немесе аудандық полиция бөлімшесінің жедел желісіне өз бетіңізбен қоңырау шалуыңыз қажет.  

 

Технологиялардың қарыштап дамыуына қарамастан, дипфейктерді ажырата білу әлі де мүмкін емес. Жасанды мимика мен бет-әлпетінің қимыл-қозғалысына назар аударыңыз – олар жиі резеңке тәріздес болады.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар!

white-arrow Тізімге