Микроқаржы секторы – жаңа ережелер бойынша ойын

time 8.08.2024
aye 1736
Микроқаржы секторы – жаңа ережелер бойынша ойын

ҚМҚҰҚ төрағасы Ербол Омархановтың түсініктемесі

Қазіргі уақытта микроқаржы секторында 950-ге жуық компания жұмыс істейді, олардың ішінде 228 – классикалық микроқаржы ұйымдары. Олардың кредиттік портфелінің жалпы көлемі 2,4 трлн теңгеден асады.

Жақында қабылданған тұтынушылық кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда микроқаржы секторына қатысты немесе оған тікелей әсер ететін көптеген жаңалықтар бар. Кредиторлар үшін қандай жаңа ойын ережелері белгіленгенін анықтауға тырысайық.

Көптеген негізгі ережелер өзгеріссіз қалғанын атап өткен жөн. Мәселен,  микроқаржы ұйымынан кредит алмас бұрын, онда реттеушінің лицензиясы бар екеніне көз жеткізу керек. Өз жауапкершілігіңізді де, кредит жүктемесінің мөлшерін де түсінген абзал.

Айтпақшы, ол туралы. Егер бұрын борыш жүктемесі коэффициенті (БЖК) ескерілсе, енді неғұрлым қатаң және күрделі көрсеткіш – DTI (Debt to income) қолданылады. Жаңалықтарда есеп айырысу қарыз алушының айлық кірісінен жүргізілмейтіні көзделеді – бұрын барлық кредиттер бойынша төлем кірістің жартысынан аспауы керек еді. Енді көрсеткіш қарыз алушының барлық кредиттік міндеттемелері сомасының оның таза жылдық кірісіне қатынасы ретінде есептеледі. Бұл қарыз алушының өз кірістерін асыра бағалау жағдайларын болдырмауға және микрокредиттер бойынша төлемеу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Тыйымдар мен шектеулер маңызды жаңалық болып табылады. Осылайша,  енді үлкен сомаға кез келген кредитті тек жұбайының келісімімен алуға болады. Қазіргі уақытта шектеулер сомасы талқылануда.

Сонымен қатар, алаяқтық кредиттерді өзіңізге ресімдеуді болдырмау үшін азаматтар енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сервистері арқылы кредиттерге тыйым сала алады. Компания мен қарыз алушыны қосымша қорғау мақсатында  кредитті қашықтан алатын клиентті міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілді.

Егер МҚҰ белсенді тыйым салу кезінде, биометрия жүргізбестен немесе жұбайының келісімін алмай кредит ресімдесе, олар жауапкершілікке және тиісті шығындарға дайын болуы керек.

«Кредиттік шопинг» деп аталатын жағдайды болдырмау үшін микроқаржы ұйымдары енді кредиттік бюроларға «онлайн» режимінде ақпарат беруге міндетті. Кредиттік шопинг дегеніміз – бұл бір қарыз алушы қысқа уақыт ішінде әртүрлі ұйымдардан бірнеше микрокредит алып, өзінің борыш жүктемесін едәуір арттыра алатын жағдай. Енді МҚҰ әрбір клиенттің нақты уақыттағы қарызының бар-жоғын көре алады.

Бірқатар жаңалықтар капиталға қойылатын талаптарға және микроқаржы ұйымдары менеджерлерінің біліктілігіне қатысты.

МҚҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде проблемаларға тап болған қарыз алушылар үшін микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі. Бұл проблемалық жағдайларды шешумен айналысатын лауазымды тұлға, ең бастысы, оның шешімдері барлық микроқаржы ұйымдары үшін міндетті болады. Берешекті реттеу үшін коллекторлық агенттіктерге екі жылға кредиттер сатуға тыйым салынды. Ал болашақта сату реттеу әрекетінен кейін ғана мүмкін болады.

Бұл проблемаларды шешу уақытын барынша азайтады және реттеушіге жүгіну қажеттілігін жояды.

Жалпы алғанда, барлық заңнамалық бастамалар МҚҰ нарығын неғұрлым ашық және реттелетін, сондай-ақ азаматтар үшін барынша қауіпсіз етуге арналған.

white-arrow Тізімге