Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар Агенттікке кез келген қалалық телефоннан «1459» қысқа нөмір бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ бұрын жолданған өтініштердің мәртебесін нақтылау мәселелері бойынша консультациялар алуларына болады. Сондай-ақ, call-орталықтың +7 (727) 237 1000 бұрынғы де жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Агенттік call-орталықты 2021 жылы азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау және халыққа қаржылық реттеушінің қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында іске қосқан болатын.
Азаматтардың мемлекеттік басқару органдарына деген сенімі деңгейін арттыру мақсатында Агенттік 2020 жылдан бастап кері байланыстың тағы бір арнасын – «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын әзірледі және енгізді, онда пайдаланушылар 24/7 режимінде қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану шарттарына, Агенттіктің реттеу аясындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты, сондай-ақ алаяқтық және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша сұрақтар қоя алады.
«Fingramota Online» мобильдік қосымшасын App Store, Play Market-те жүктеп алуға болады.
Цифрлық гигиена дегеніміз не?
Спеарфишинг: алаяқтардың аңдығаны кімдер?
Еурохаттама – бір жылдағы жұмыс нәтижелері
Кредит берушімен байланыста болу – проблемалық берешекті қалай реттеуге болады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?