Соңғы жылдары алаяқтықтың жаңа түрлері қарқынды түрде дамып, жетілуде.
Алаяқтар тәжірибелі әрі қаржылық тұрғыдан сауатты деген адамның өзін тығырыққа тығатын арнайы бағдарламалық қамтылымдар мен әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалануда.
Бұл ретте ҚР ІІМ деректері бойынша жасалып жатқан қылмыстардың жалпы құрылымындағы алаяқтықтың үлесі соңғы бірнеше жылда 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында екен.
Алаяқтар өздерін банктердің қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері деп таныстыруы мүмкін. Хабарласқан немесе СМС хабар жіберген нөмірді ауыстырады. Банктердің, онлайн-дүкендердің және қызметтер сервистерінің парақшаларын көшіріп алады. Электрондық поштамен және мессенджерлерде зиянды сілтемелер жібереді.
Сол себепті ерекше қырағы болу керек және қауіпсіздіктің мынадай қарапайым ережелерін назарға алған жөн:
Егер:
- өз шоттарыңыздан ерекше белсенділік байқасаңыз;
- өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;
- Сіздің картаңыз қызмет көрсетуге қабылданбаса, дереу банкке хабарласыңыз.
Fingramota.kz-пен қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыздар!
Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау
Кредиттерді отбасылық бюджетке зиян келтірмей қалай жоспарлауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Денсаулықты тегін диагностикалаудан бастап пәтер жөндеуге дейін: алаяқтықтың жаңа түрлері