Satbayev University-де қаржылық сауаттылыққа арналған дәрістер өтті. Іс-шараны Жобаларды басқару институты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әріптестік бейінді ведомстволармен бірлесіп ұйымдастырды.
Fingramota.kz жобасының өкілі Дмитрий Акмаев қаржы өнімдерін пайдалану, кредит беру және қаржылық жоспарлаудың сауатты тәсілдері туралы айтып берді. Satbayev University студенттері үшін қаржылық сауаттылық аса маңызды, себебі болашақ инженерлер мен кәсіпкерлер қымбат жобалармен және инвестициялармен жұмыс істейтін болады. Жетекші сарапшылармен ашық сабақтар студенттерге кәсіби ортамен танысуға және болашақ мансапқа дайындалуға бірегей мүмкіндік болып табылады.
«Біз студенттерден мүмкіндігінше көп сұрақтар күтеміз», - деді Дмитрий Акмаев. «Әрине, іргелі білім өте маңызды, алайда университет, ең алдымен, қарым-қатынас жасау және проблемаларды шеше білуге үйретеді. Егер осы дағдыларды игеріп, үнемі үйреніп, жаңа нәрселерді білсеңіз, маманның құндылығы бірнеше есе артады. Сонымен бірге әсіресе қаржылық жоспарлау дағдыларын меңгерген жағдайда жоғары кіріс те келеді».
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі, Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистикалық бөлімінің басшысы Азамат Қалиев қаржылық қауіпсіздікті ұйымдастыру және желідегі іс-қимыл қағидалары, сондай-ақ қаржылық алаяқтарға қарсы іс-қимыл және күмәнді қаржылық схемаларға тарту бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Мен өз жұмысымда қаржы туралы білімнің жетіспеушілігі адамдарды үлкен қарыздар мен құқықтық салдарға әкеп соқтырған жағдайларды бірнеше рет кездестірдім», - деп атап өтті Азамат Қалиев. «Қазіргі уақытта жастар интернетте қалай ақша табуға болатындығын белсенді түрде іздейді және заңды табыс көзін алаяқтық схемадан ажырата алмайды. Сондықтан қаржылық сауаттылық студенттер үшін ғана емес, еліміздің барлық жастары үшін де маңызды».
Осындай іс-шаралар кемінде ай сайын өткізілетін болады. Satbayev University мен Fingramota.kz жобасының бірлескен жоспарларында Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңес өкілдерінің: жетекші қаржы сарапшыларының, блогерлердің, пікір көшбасшыларының және медиа саласындағы мамандардың тұрақты көшпелі дәрістерін ұйымдастыру.
Іс-шараларды қадағалаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
QR төлемдері: ол қалай жұмыс істейді және қауіпсіз бе
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Интернет-дүкендердегі алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт