SMART әдістемесімен арманды шындыққа айналдырамыз

time 28.04.2023
aye 6425
SMART әдістемесімен арманды шындыққа айналдырамыз

Қаржылық әл-ауқаттылыққа  қол жеткізудегі бірінші қадам – ақшаны сақтай және жинай білу. Осы негізгі дағдыларды игергеннен кейін өзіңіздің қаржылық мақсатыңызды айқындап алуыңыз қажет. Мақсат нақты болуға тиіс, онда сіз алдағы уақытта  қалайтын сатып алуларды, қажет етілетін соманы және орындау мерзімін айқындап алуыңыз қажет.

Fingramota.kz-пен бірлесіп, SMART әдістемесімен қаржылық еркінділікке жету жолдарын қарастырайық.

Кез-келген нәтиже дұрыс қойылған мақсатқа байланысты. Біз көз алдымызға не қалайтынымызды нақты елестете отырып, ол үшін қандай дұрыс әрекет жасау керектігін білетін болсақ, қалағанымызға қол жеткізуге болады. Адлайда, табысқа жету үшін мақсатқа ұмтылу ғана емес, оны қалайша жүзеге асыру қажеттілігін нақты түсіну қажет.

SMART— бұл мақсатты сипаттау әдісі, оған: нақтылық, өлшемділік,  қол жетімділік, маңыздылық және уақыт бойынша айқындылық кіреді. Оның қалайша жұмыс істейтінін,  оның ашып жазылуын нақты мысалдармен талдайық.

SMART әдістемесінің артықшылықтары қандай?

Бірінші – нақты бағыт. Бұл қағидатты ұстансаңыз, сіздің өз жоспарларыңызды іске асырудағы бағытыңыз дұрыс болып саналады.

Екінші – дұрыс жоспарлау. Яғни, сіз тек мақсат қойып қана қоймай, сондай-ақ жұмысыңыз бен жеке шаруаларыңызға да міндеттерді жоспарлауды үйренесіз.

Үшінші – жылдам нәтижеге қол жеткізу. Егер мақсатты дұрыс қойсаңыз, онда оны іске асыру да оңай болмақ. Сіз қол жетпейтін міндеттерді орындауда өзіңізді әбігерге салмайсыз.

Төртінші – ынталандыру құралы. Егер сіз өзіңізге нақты мақсат қойсаңыз, онда ол сіздің алға ұмтылуыңызға түрткі болмақ. Мысалы, егер сіз тіл үйренгіңіз келсе, онда алдымен сол тілде қайда жүрсеңіз де, кіммен болса да сөйлеуді бастағаныңыз дұрыс. Бастысы, сөйлеуді тоқтатпау. Мұндай мақсатпен сіз шетелдіктермен сөйлесіп кетесіз, жаңа таныстарыңыз көбейіп, ал бастысы, тілдік дағдыларыңызды дамыта аласыз.

Бұл әдістемені қолданудағы жетістік көп жағдайда сіздің табандылығыңызға әрі оған деген ниетіңізге байланысты болатынын ұмытпаңыз. Ең бастысы, бұл – өзіңізге сену.

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге