Табыс табу үшін жай ғана жұмыс істеуге болады, немесе инвесторлар сияқты ақшаңызды сіздің кірісіңізге жұмыс істетуге болады.
«OYLA» жастарға арналған ғылыми-танымдық журналының желтоқсан айындағы алғашқы шығарылымы күрделі де қызықты тақырыпқа арналған –журналдың осы санынан ақшаны көбейту үшін қайда салуға болатыны және жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымшаларды қалайша сауатты пайдалану керектігін білесіздер. Бұл ақпаратты оқушылар қаржы әлемінен дүниетанымын кеңейту үшін ата-аналарымен бірге зерттеп, оқи алады.
Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі -түсті иллюстрациялар, коллаждар-мұның бәрі жас қаржыгерлерге материалды тез игеруге көмектеседі.
Бұл ретте, бағалы қағаздар нарығына инвестиция салуды бастамас бұрын, мақсаттарыңызды анықтап, қаржылық жағдайыңызға бағалап беру маңызды. Инвестиция тез пайда табудың жолы деп сену қате ұғым. Табысты инвестициялау шыдамдылық пен нақты стратегияны қажет етеді.
Өз ақшаңызды шығындар мен алаяқтардан қорғау — кез-келген инвестордың басты міндеті. Сондықтан инвестициялау кезінде белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1. Брокердің лицензиясын тексеру. Брокерде реттеушінің лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында тексеруге болады. Бұл брокердің заң бойынша жұмыс істеуінің және реттеушінің барлық қажетті талаптарын орындауының кепілі.
2. Дербес деректердің құпиялылығы. Ешқашан дербес деректер мен парольдерді бөгде адамдарға беруге болмайды. Алаяқтар өздерін брокерлер мен банктер ретінде көрсете алады.
4. Инвестицияланған қаражаттан түсетін пайдаға ешкім кепіл бермейді. Егер кімде кім биржада тәуекелсіз 20-30%-дық кіріске уәде берсе, бұл алаяқтар. Қандай да бір қаржы құралының жоғары кірістілігі әрқашан тәуекелдермен қатар жүреді.
5. «Қауіпсіздік жастығын» қалыптастырыңыз. Сізде әрқашан күтпеген шығындар жағдайына қаржылық қауіпсіздік жастығы болуға тиіс.
Естеріңізге саламыз, балаларға арналған қосымшалар Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
«Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен толығырақ оқыңыз.
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады