Қазақстанда Solva компаниясы әзірлеген «Әйел ісі» атты білім беру платформасы негізінде кәсіпкер әйелдерге арналған оқыту тренингтерінің циклын өткізу жалғасуда.
Білім беру циклының мақсаты өңірдегі шағын бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында кәсіпкер әйелдер арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.
Тренингтерді Solva компаниясы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Fingramota.kz жобасының, сондай-ақ «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» қолдауымен өткізеді.
Мұндай тренингтерді компания 2022 жылдан бастап Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде өткізеді. 2022 жылы жобамен 5 қала мен елді мекен қамтылды: Астана, Қарағанды, Түркістан, Шымкент және Шелек.
Тренингтердің міндеті – кәсіпкер әйелдер арасында бизнесті жүргізудің қаржылық аспектілері туралы базалық білімнің тапшылығын толтыру, сол арқылы оларға өз істерін тиімдірек басқаруға көмектесу және соның салдарынан өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру.
2023 жылы тренингтер Талдықорған, Павлодар, Ақтау және Атырауда өтті. Білім беру іс-шаралары аясында кәсіпкер әйелдер өз қаржысын басқару, бюджетті жоспарлау, кредиттік қаражатын сауатты пайдалану туралы нақты сұрақтарға жауап алады.
Тренингтер үлкен қызығушылық тудырды, бұл тек қалыптасқан кәсіпкерлер арасында ғана емес, сонымен қатар өз бизнесін бастауды жоспарлап отырғандар арасында да практикалық білімге деген нақты қажеттілікті білдіреді. Нәтижесінде, 2023 жылда 250-ден астам қатысушы қаржылық сауаттылықтың маңызды құралдарын игерді және оларды іс жүзінде қолдануда.
Бағдарламамен бұрын қамтылмаған қалалар мен елді мекендерде тағы 8 іс-шара өткізу жоспарлануда.
Қауіпті SMS: алаяқтар азаматтарды алдау үшін мәтіндік хабарламаларды қалай пайдаланады
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?